«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Ембімұнайгаз» АҚ

«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Ембімұнайгаз» АҚ
12.05.2017
249
Әлеумет

«Сіз бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» «Ембімұнайгаз» АҚ

Бір өкініштісі, соғыс ардагерлері қатары жыл өткен сайын сиреп барады. «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы жыл сайын олардың үйлеріне барып, құттықтау үрдісін биыл да жалғастырды. Басқарма төрағасы А.Жақсыбеков, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Р.Тасмағамбетова, бюджеттеу және экономикалық талдау, еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің директорлары Н.Тәжмағамбетова мен Д.Төреғалиев ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтап шықты. Бала көңіл қариялар бұған қуанып қалды. Олар әдепкідегі қиындықтарды еңсере жүріп, еңбек еткен күндерін мақтаныш етсе, бүгінгі мерекеге аман-есен жеткеніне шүкіршілік етуде. «Жеңіс күні бүкіл халықтық мереке ғой. Материалдық көмектеріңді алдым, рахмет. Бір көзім көріңкіремей жүргені болмаса, бала-шағамның ортасында жүріп жатырмын. Мейраммен құттықтап, сәлем бере келгендеріңе ризамын. Еңбектерің жемісті болсын. Биыл тоқсанның бесеуіне аяқ бастым. Сендерге менің жасымды берсін» деп батасын берді майдангер Досымбетұлы Құрманбай ақсақал. 
Ардагерлердің қай-қайсысы да Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, көңілде тұнған сырларын ақтарысты. Бәрінің де бата-тілегі «Ел аман, жұрт тыныш болғай. Қазақстан өркендей берсін» дегенге сайды. Ия, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сыйлау қағидасынан жаңылмасын. Майдангер ата-әжелеріміз аман отырғай. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх