Қазгермұнай сенбілік шарасын өткізді

Қазгермұнай сенбілік шарасын өткізді
25.04.2017
311
Әлеумет

Қазгермұнай сенбілік шарасын өткізді

«Қазгермұнай» компаниясы жылдағы дәстүр бойынша компанияның бас ғимаратының аумағына 500-ге жуық көшет отырғызып, сенбілік шарасын өткізді. Осы сенбіліктер арқылы қызметкерлер қаланың ажарын көркейтуге, көгалдандыруға өз үлестерін қосып келеді. Компания қызметкерлері «қаржы», «геология», «өндірістік», «әкімшілік» болып, әр блокқа бөлініп аумақтарды қоқыстан тазалау, талдарды әктеу секілді жұмыстармен айналысты.
Тал егу шарасына «Қазгермұнай» компаниясында талай жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагерлер, компания басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Ардагерлер өздерінің аллеяларына тал көшеттерін өз қолдарымен екті.
«Бір тал кессең, он тал ек!», – деп игі іске үндеген халқымыз, баршамыздың жұмыла осы шараға қатысуымыздың сыры сауапты істе жарысып, елдің игілігіне үлес қосу», бұл шараның басты мақсаты – компания қызметкерлері арасында отансүйгіштік сезімін оятып қана қоймай, елді бірлік пен татулыққа шақыру, әрі сауапты істерге үлес қосу болып табылады, – деп шараның маңыздылығын атап өтті компания басшылығы. Шара соңында жиылған қауым көтеріңкі көңіл күймен, қазақы дәстүрмен ақ дастархан басына жиналып, дәмнен ауыз тиді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх