Береке мен татулықтың тәтті дәмі – еңбекте!

Береке мен татулықтың тәтті дәмі – еңбекте!
10.04.2017
731
Қызметкерлер

Береке мен татулықтың тәтті дәмі – еңбекте!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы №1 Мұнай-газ өндіру басқармасы, №1 ҚҚСЦ қарасты №3 «а» Шоғырланған сораптар станциясының машинистері Қарлығаш Өтешова мен Айнагүл Есқаливалар өз ісінің шеберлері.

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты иеленіп, мұнай саласында тер төгіп, абыройлы еңбек етіп келе жатқан Қарлығаштың еңбек өтілі 34 жылды құраса, Айнагүлдің еңбек өтілі 20 жылға толыпты. Екеуінің серіктес болып жұмыс жасап келе жатқандарына 5 жыл болды. Бүгінде олар апалы-сіңлідей өте тату. Бұл да еңбектің бірлік пен ынтымаққа бастау болатын ерекше күш екенін көрсетеді.
«Шеберіміз Нұргелді Шүрменов 1983 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан өте тәжірибелі маман. Әріптесіміздің өз ісінің білгірлігімен қатар, адамгершілігі мол азамат екендігін де айта кеткен жөн болар. Өз жұмысына өте тиянақты қарайтын ол бізден де жұмысты қатаң талап етеді. Біз өз міндетімізді жақсы түсінеміз. Жұмыс орнында техника қауіпсіздігін сақтай отырып, мұнай өнімділігін арттыруға барынша зор үлес қосып жүргенімізді мақтан етеміз», – дейді мұнайшы арулар.
Компания тарапынан жасалынып жатқан қамқорлықты өздерінің табан ет, маңдай тердің қарымтасы деп түсінетін олар, шипажайлардағы демалыстың адам көңілін көтеріп, күнделікті күйбең тірлікті ұмыттыратынын да айтады.
«Мен еңбек демалысымда көбінесе Атырауда тұратын әке-шешеме төркіндеп барғанды ұнатамын», – дейді Айнагүл.
Бір үйдің балаларындай болып кеткен ұжымда қызмет атқарып жүрген арулар «қамшының сабындай қысқа ғұмырда адамдармен тату-тәтті тіршілік кешіп, сыйласа білудің өзі бір ғанибет емес пе?» – деп ой түйеді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх