Геолог – мәртебелі мамандық!

Геолог – мәртебелі мамандық!
10.04.2017
409
Қызметкерлер

Геолог – мәртебелі мамандық!

Жартығасырлық тарихы бар Өзен кенорны «қара алтынын» өндіріп, ел игілігіне жаратуда мәртебелі мамандық иелері компания геологтарының алатын орны ерекше.

№1 МГӨБ, №8 МГӨЦ геологы Шынар Суитова

Диханшы жайқалып өскен егін алқабымен мақтанады. Құрылысшылар зәулім үйлерімен мақтанады. Ал геолог деген мамандық иелері жер қойнауындағы байлықты табады. Жер қойнауындағы табиғи байлығымызды іздеу, ашу, олардың қандай тереңдікте жатқаны, кенорынның көлемі, пішіні, орналасу жағдайлары және тағы да басқа кен өндіруге қатысты ерекшеліктері жайымен мәртебелі мамандық иелері – геологтар айналысады! Олар жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және эволюциялық дамуын зерттеу арқылы мұнайды табады.

Геолог қыздар Қасиет Тәжіғұлова, Үзіл Оңдасынова, Шәрипа Қайырбаева, Айжан Ғаббасова, Гүлнәр Оразәлиева, Айман Төлекешова

Сонымен қатар, олардың негізгі мақсаты жер қыртысының ерекшелігін ескере отырып, геологиялық орналасу жағдайын толығырақ зерттеп, мұнай қорын анықтау болып табылады. Мұнай қоры анықталған соң, оны игеру мақсатында экономикалық тиімділігін арттыру жолдары қарастырыла бастайды. Қазіргі таңда, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы тәулігіне 14 900 тонна мұнай өндіріп тұрған алып кенорын. Кенорын аумағында 3334 мұнай және 840 су скважиналары үздіксіз жұмыс жасауда. Білімді де білікті, жігерлі геолог-мамандардың арқасында жарты ғасыр ішінде таңдай қақтырар талай шаруалар атқарылып, алып кенорын тарихы жалғасуда.

№4 МГӨБ, №4 ҚҚСЦ геологы Әлия Жакова

«Біз үшін бұрынғы аға-апаларымыздың жолын қуып, ерен еңбектерін жалғастыру зор абырой», – дейді компания геологтары бірауыздан. Жер қойнауында жасырынып жатқан «қара алтынды» өндіріп, ел ырысын еселеуде өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген әріптестерімізді, көктеммен бірге ілесе келген төл мерекелерімен құттықтаймыз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх