Польша инвесторлары мұнайшылармен кездесті

Польша инвесторлары мұнайшылармен кездесті
10.04.2017
262
Экономика

Польша инвесторлары мұнайшылармен кездесті

Жуырда Польшаның құрылыс кластерінің атынан кәсіпкерлер тобы «Ембімұнайгаз» АҚ-да болды. Оларды мұнайлы өңірдің экономикалық әлеуеті қызықтырған. Ал табысты мердігерлік үшін Польша біздің өңірімізге қомақты инвестициялар салуға әзір, соның ішінде қарт Ембі өндірісіне қатысты жобаларды да қамтымақ ойлары бар екен. Оларды ЕМГ АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А.Ғабдуллин қабылдады. Екі жақты таныстықтан соң, поляктар өздерінің сапар мақсатын айтып, құрылыс саласында жасаған жұмыстарын слайдтар арқылы көрсетті. Құрылыс кластері аясында олар электростанция, азот зауыты, мұнай терминалы, жол және көпір құрылысы, теміржол, тұрғын үй, офис, футбол аренасы, басқа да көптеген сапалы құрылыс жұмыстарын жүргізген. Олар енді мұнайлы өңірде де өз жұмыстарын жүргізуге ниет танытып отыр. Осы бағытта поляктар Атыраудағы ірі мұнайгаз кәсіпорындарымен танысып, әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатын көздейді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх