Маңғыстау облысының әкімі ‘‘Қаражанбас’’ кенорнында болды

Маңғыстау облысының әкімі ‘‘Қаражанбас’’ кенорнында болды
10.04.2017
480
Өндіріс

Маңғыстау облысының әкімі ‘‘Қаражанбас’’ кенорнында болды

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен «Қаражанбас» кенорнында болып, компанияның өндіріс нысандарымен танысты. Соның ішінде, «ТКБжҰҚК» ЖШС-нің өндірістік базасында болды. Өндірісте өткен жиналыс барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Есен Қайыржан компанияның атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді. 

– «Қаражанбасмұнай» АҚ жылдық көрсеткіші 2 миллион тоннадан астам мұнай өндіру көлемімен Қазақстанның он ірі мұнай өндіруші компанияларының қатарына кіреді және Маңғыстау облысының озық мұнай өндіруші кәсіпорындарының үштігінің құрамында. Мекеменің әр қызметкері аймақтың экономикасына өз үлесін қосуда. Сондықтан, жұмысшылар үшін жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай мен жұмысқа қолайлы мүмкіндіктер жасалуы тиіс, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 
Облыс әкімі вахталық ауылда тұратын мұнайшылардың тұрмыстық жағдайымен танысып, мұнайшылар асханалары мен мәдениет үйін аралап шықты.


 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх