Мерекелік лебіздер. «Ембімұнайгаз» АҚ

Мерекелік лебіздер. «Ембімұнайгаз» АҚ
28.03.2017
391
Қызметкерлер

Мерекелік лебіздер. «Ембімұнайгаз» АҚ

Жұмақан Сейдуалиева, «Ембімұнайгаз» АҚ еңбек ардагері:

– Ұлттық салт-дәстүріміздің бірі – Наурыз мерекесінің осылай көпшіліктің ортасында, кеніш басында өтуіне дән ризамын. Жылда наурызға ұлттық киім киіп, жасанып келеміз. Ол мерекенің сәні де ғой. Мен көп жылдар асхана жұмысында аспаз болып еңбек еттім, бүгінде зейнеткермін. Компания бізді ұмытпайды, шараларға шақырып отырады. Онысына көп-көп рахмет. Еліміз аман, мереке құтты болсын!

Нұрлыбек Ғұмаров, «Ембімұнайгаз» АҚ мұрағат меңгерушісі:

– Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. 22 наурызды халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп, айрықша қуанышпен, үмітпен күткен. Бүкіл жер-дүние, айнала табиғатқа тіршілік лебі жеткен Жаңа күн мен Жаңа жылдың бастауында тұрып, қытымыр қыстан аман шыққанына Жаратқанға тәуба қылған, қуанған, алдағы күннен тілек тілеген. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!

Гүлбаршын Нұрғазиева, «Ембімұнайгаз» АҚ жобалау-сметалық жұмыстар бөлімі басшысы:

– Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алдымен тілейтінім басқа амандық, денге саулық. Бәріміз бір ата-анадан тараған баладай, бір шаңырақ астында тату тәтті еңбек қылып, еліміздің, ұжымымыздың, өзіміздің байлығымызды арттыра берейік.

Қуандық Есмұханов, «Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау жетекші инженері:

– Наурыз – баршамыз үшін қуанышты күн, ұлан-асыр той кезі. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын! Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр. Қадірменді мұнайшылар, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын.

Мақсот Рахметуллин, «Ембімұнайгаз» АҚ Экономикалық талдау бөлімінің басшысы:

– Барша халқымды, мұнайшыларды тарихи тамыры тереңге бойлаған Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызбен, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақ мерекесімен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Айгүл Кейкешова, старший бухгалтер АО «Эмбамунайгаз»:

– Спасибо нашей газете за исполнение моей давней мечты: всю свою сознательную жизнь хотела написать о том, как я горжусь своими родителями и как я благодарна им. Мой отец Бисенов Саткан умер рано, но я помню его веселые истории о его непростой жизни. Отец остался в памяти людей как честный, отзывчивый и справедливый человек. Мама Измайлова Сауле сейчас на пенсии, вылечила не одно поколение детей. Я благодарна маме за то, что одна вырастила нас хорошими людьми, помогла нам с обучением, поддерживает нас во всем. В канун весеннего праздника Наурыз желаю всем своим коллегам уважать своих родителей, своих детей и себя, тогда в каждом доме будет царить мир и согласие. Пусть Наурыз войдет в наши дома хорошим весенним настроением, щедрым дастарханом и радостью!

Бақытжан Боқаев, «Ембімұнайгаз» АҚ бұрғылау жөніндегі жетекші инженер:

– Қазақстанның батысында наурыздың 14-нен «Көрісу» деп аталатын тамаша дәстүр басталады. Ембілік мұнайшылар мұны жылда арнайы шара ретінде өткізеді, ол Ұлыстың ұлы күніне жалғасады. Мереке құтты болсын әріптестер, елімізде тыныштық болып, мерейі аспандай берсін!

Орынша Әліпқайырова, Асылай Дюсекешова, Күлән Сапаева, Марина Нұрғалиева, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, С.Балғымбаев кен орны мұнай өндіру және қабат қысымын сақтау операторлары:

– Біздің мұнай саласында еңбек етіп келе жатқанымызға көп жылдар болды. Осы жылдар ішінде ұжым болып Наурыз мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырдық. Жұмыста жүрсек те, ұлттық мерекемізді елеусіз қалдыра алмаймыз, наурыз көже дайындап, бауырсақ пісіріп, ұлттық киіммен шығып, ән айтып, өнер көрсетеміз. Осының бәрі ата-баба салтын жалғастыру деп білеміз. Мереке құтты болсын, мемлекетімізде тыныштық болып, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Аққайша Абдрахманова, «Ембімұнайгаз» АҚ зейнеткері, көпбалалы ана:

– Қадірменді мұнайшы әріптестерім, Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам-береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Салтанат Калиева, «Ембімұнайгаз» АҚ құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жетекшісі:

– Табиғаттың түлеп, жаңаратын шағы – Наурыз. Жер-Ананың тоң кеудесі жібиді, жан-жануарлар төлдерін өргізеді. Жер үстіне тілмен айтып жеткізгісіз керемет бір шаттық орнай қалады. Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Қадірменді мұнайшылар, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті, отбасында бақ-береке, ең бастысы елде бірлік-береке тасып, ұрпағымыз аман болсын!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх