Ұлттық киім сайысы

Ұлттық киім сайысы
28.03.2017
538
Қызметкерлер

Ұлттық киім сайысы

Батыс өңірінде әз-Наурыз 14 наурыз – Амал мерекесінен бастау алады. Бұл мереке күнтізбеге енгізіліп, ресми мейрам болып танылмаса да, Маңғыстау жұртшылығы бұл күнді асыға күтеді. Амал мейрамының ең басты нышаны көрісу болып табылады. 

Көрісу адамдардың бір-біріне деген бауырмалдылығын арттырып, өзара сыйластығын тудырады. Дәстүр бойынша, Амал мерекесі құрметіне өзенмұнайгаздықтар арасында ұлттық киім сайысы өткізілді. «Адам көркі – шүберек», – дейді халық нақылы. Сайысқа қатысушылар бір ауыздан «ұлттық киімнің адамға өң беріп, көңілін көтеріп, өзге кісілерге жағымды әсер қалдыратынын» айтады. «Әсем киіну – адамның әсемдікті қабылдау қабілетіне қатысты», – дейді олар.
Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Гүлдария Жанаралова (Персоналды басқару және дамыту департаменті), І орынды Гүлзия Тайжанова (Әлеуметтік-әкімшілік департаменті), ІІ орынды Жаңылсын Қарақұлова (Кеңсе), ІІІ орынды Эльмира Аманбаева (қазынашылық департаменті) мен Айнұр Тобакабуловалар (корпоративтік оқу орталығы) иеленді. 


Сондай-ақ, «Кимешекті әже», «Жігіт сұлтаны», «Сері жігіт», «Инабатты келін» номинациялары бойынша Ғалия Серікбаева (Кеңсе), Марк Ғайбатов (Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және байланыс департаменті), Ақжігіт Түйешиев (Жобаны басқару департаменті), Индира Хаметовалар (Әлеуметтік-әкімшілік департаменті) марапатталды.
Бұл күні ғасырлар бойы қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүрлерін паш ететін қойылымдар да сайыс қазыларының назарларына ұсынылып, нәтижесінде «Қыз ұзату» көрінісін ұсынған Кеңсе І орынды, «Бесікке салу» көрінісін ұсынған Әлеуметтік-әкімшілік департаменті  ІІ орынды, «Сүндет той» көрінісімен шыққан орталық бухгалтерия ІІІ орынды жеңіп алды. Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх