Наурыз құтты болсын! «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Наурыз құтты болсын! «Қазгермұнай» БК» ЖШС
28.03.2017
151
Әлеумет

Наурыз құтты болсын! «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Ұлыстың ұлы күнін «Қазгермұнай» БК» ЖШС еңбек ұжымы да жадыраған көңіл, жарқын пейіл, тамаша тілектермен қарсы алды. Жыл сайын серіктестік ұжымы кен орындарында киіз үй тігіп, ұлттық спортымыз бен салт-дәстүрімізді насихаттап келеді. Биыл да айтулы шара «Наурыз-көктем – 2017» деген атаумен «Ақшабұлақ» және Нұралы кен орындарында жалғасын тауып, мерекелік кеш ұйымдастырылды. Айтулы мерекеге «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму жөніндегі орынбасары Мәлік Сәлімгереев, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Бекзат Абайылданов, Мұнай сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Шәненова мен Барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры Мақсат Ибағаров және «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ президентінің орынбасары Турсун Абудурэсити арнайы келіп, мұнайшыларды мерекемен құттықтады. Мереке барысында мұнай өндіру саласында тәжірибелі қызмет атқарған бірқатар мұнайшылар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның және «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ арнайы «Алғыс хаттарымен» және «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Қажырлы еңбегімен марапатқа ие болған Назерке Қасымова осындай жетістіктер мекеме жұмысының алға басуына жол ашатынын жеткізіп, барлық қызметкерлер атынан алғыс білдірді. 
Наурыз тойына арнайы келген Қазақстанның эстрада жұлдыздары ән шырқап, кештің көркін қыздырды. Шара соңында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, қатысушылар өзара мықтыны анықтады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх