«Әйел – сұлулықтың символы». «Ембімұнайгаз» АҚ

«Әйел – сұлулықтың символы». «Ембімұнайгаз» АҚ
06.03.2017
463
Қызметкерлер

«Әйел – сұлулықтың символы». «Ембімұнайгаз» АҚ

Бибігүл Қалмағанбетова, геолог, Жаңылсын Теміралиева, Гүлбану Басығалиева, Бағыт Нарембаева, 
«Ембімұнайгаз» АҚ, «Ботахан» МГӨЦ, мұнайгаз өндіру операторлары:

– «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнайшы қыздары атынан барша әріптестерді құттықтаймыз. Көктемнің шуағын ала келер аналар, арулар мерекесі адамға әрқашан қуаныш сыйлайды. Бесік тербеп, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін – ана. Дала төсінде жүрген мұнайшы әйелдер, сіздер мықты болыңыздар, ұрпақ аман болсын. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

Гүлмира Ахметова, «Ембімұнайгаз» АҚ, Стандартизация және өзгерістерді басқару бөлімінің басшысы:

– Мұнайлы мекенде туып-өсіп, ата-анам, бауырларым осы салада еңбек етіп, енді өзім де «мұнайшылар» қатарына қосылғаныма өте қуаныштымын! Жолдасым екеуміз үш бала өсіріп, оқытып отырған бақытты жанұямыз. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекет өміріне араласатын және өз білімін, кәсіби тәжірибесін қолдана алатын қоғам мүшесі. Осы бір тамаша көктем мерекесін, біздің үлкен ұжымның барлық әйелдеріне тән, әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі деп есептеп, Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңіз сау болып, алақандарыңыздың жылуы, жандарыңыздың мейірімі таусылмасын. 

Айнат Сүгралиева, «Ембімұнайгаз» АҚ, Ақпараттық технологиялар және коммуникация бөлімі инженері:

– Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Жер дүниені жаңартып, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, толағай табыс, шуақты шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш және таусылмас баянды бақыт, ұзақ өмір, мықты денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Асау толқынды өмір арнасында әр істеріңізге сәттілік серік болып, басқан қадамдарыңызға Алла Тағаланың шапағатты нұры жаусын! Жылдан жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Фариза Джанасова, Ақтолқын Айтбаева, Айнагүл Мұстажанова, 
«Ембімұнайгаз» АҚ, «Кенбай» МГӨЦ геологтары:

– «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұжымы атынан аяулы әріптестерімізді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Мұнайшылар алдымен мұнайдың көп болуын тілейді, осы істе әйелдер қауымының да ойып алар орны бар деп білеміз. «Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» демекші, олар отбасының да шырайын келтіруші жандар. Ардақты арулар, көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!

Индира Ибраимова, «Ембімұнайгаз» АҚ, Газ жобалары жөніндегі департамент маманы:

– Қымбатты ханымдар! Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Осы бір тамаша көктем мерекесі әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі деп білемін. Әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп жүре беріңіздер. Баршаңызға мол бақыт, мықты денсаулық тілеймін! 2010 жылы «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының лаборанты болып жұмысқа орналастым. Үш жыл бойы сол ұжымда жұмыс істеп, қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ газ жобалары жөніндегі департаментінде жұмысымды жалғастырып келемін. Отбасында ұлымыз өсіп келеді. Әріптес жігіттеріміз бізді жыл сайын 8 наурызда жұмысқа келгенде гүлмен қарсы алады. Қандай қуаныш деп шаттанамыз. Әр таңдарыңыз күндей жарқырап, гүлдей құлпырсын, қыздар, апа-сіңлі, аналар!

Ардақ Сабирова, «Ембімұнайгаз» АҚ, Инженер-технолог:

– Еліміздегі ірі кәсіпорынның бірі саналатын «Ембімұнайгаз» АҚ-да қызмет ету мен үшін үлкен абырой. Он жылдық еңбек өтілімде мұнай, газ секторы бойынша көп тәжірибе алдым, әлі де жинақтау үстіндемін. Себебі мұнай-газ өнімдерін өндірудің жаңа техникалары және технологияларының үнемі жаңарып отыратындығы мамандардан үздіксіз өсуді талап ететінін жақсы түсінемін. Илегеніміз бір терінің пұшпағы болғандықтан, ұжымдастармен қарым-қатынас құра білуге зор мән беремін. Отбасында жолдасым Әділбек екеуміз 2 бала тәрбиелеп отырмыз. Қолымызда анамыз бар. Жарасымды, бақытты жанұя болу әйел затына тікелей байланысты ғой. Бала тәрбиесі, еріңді құрметтеу, анаңды сыйлау – мен үшін ең басты нәрсе. Дәмді тағамдар дайындап, домбырада ән салып, жанұямды қуанышқа бөлеген де ұнайды. Қадірменді әріптестерім, әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілеймін, әр таңыңыз шуақты болғай!

Гауһар Джумаханова, «Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат бөлімі маманы:

– Ана – киелі де қастерлі сөз. Анасы бар адамдар бақытты ғой. Осыдан он жыл бұрын анам дүниеден озғанда, әлемді қара тұман басқандай еді. Бірақ уақыт емші. Кейін, өзім тұрмыс құрып, ана атанған соң көп нәрсені түсіндім. Әйел үшін Ана болу нағыз бақыт екен. Қазіргі қоғамдағы келеңсіздіктердің қорқынышы да көңілге кірбің түсіреді. Сондықтан да, ата-баба салтына сай жолдасым екеуміз бала тәрбиесіне көп мән беруді ойлаймыз. Үлкендер салған сара жолмен жүріп келеміз. Енемнің жылы сөзі бізге үлкен күш. Отбасында 1 қыз, 2 ұл өсіріп отырмыз. Шағын ғана отбасы болғанымен, ұлттық дәстүрден нәр алған өзіндік ережесі, қағидасы, дәстүрі бар шаңырақпыз. Көктем мерекесімен барлық аналарды құттықтағым келеді. Аяулы, сүйікті, қамқоршы – Асыл Аналар және барша қыз-келіншектер! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіздер.

Патшайым Әуесбаева, Жаңыл Әмірғалиева, Самал Мұқанова, Жарқын Мұхамбетқалиева, 
«Ембімұнайгаз» АҚ, «Терең-Өзек» мұнайгаз өндіру цехы операторлары:

– «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ атынан барша әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Қымбатты ханымдар! Сіздердің аттарыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер! 

Алтынай Берегенова, заместитель директора департамента по управлению и развитию персонала АО «Эмбамунайгаз»:

– Вот и пришла весна и вместе с ней самый красивый праздник, наполненный радостью и цветами – 8 марта. В этот прекрасный день хочу пожелать всем нашим женщинам – мамам, сестрам, дочерям, коллегам – здоровья, счастья и яркого жизненного пути. Пусть Вас окружают любовь, забота и внимание близких, а каждый новый день дарит только самые незабываемые эмоции. 
В наше время женщины играют важную роль в экономическом развитии Казахстана. Женские качества, такие как созидательность, стремление к стабильности и благополучию помогают в занятии активной жизненной позиции, в стремлении к успешной работе. Женщины в современном мире все чаще поднимаются на самые высокие позиции. В нашей же компании много представительниц прекрасного пола, занимающих ключевые посты. Все они достаточно успешны и в работе, и в семье.
Я получила образование по специальности «Программное обеспечение» и мой трудовой путь начался с оператора ЭВМ. Умение работать с программными продуктами, взаимосвязь многих процессов в работе, а самое главное фундамент, который заложили во мне мои наставники, позволили мне добиться сегодняшних успехов в работе, начиная с инженера по кадрам до заместителя директора департамента по управлению и развитию персонала. Работа с персоналом объединяет очень много направлений: это знание законодательства, нормирование труда, знания в области экономики, обучение и развитие персонала, социальные проекты, работа со студентами и много другое. Для меня одним из приоритетных качеств является четкое понимание своей цели, ответственность и пунктуальность. Когда ценишь свое время, все задуманное четко распределяется по своим местам в соответствии с задуманными планами. 

Анаргүл Тасименова, «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық бухгалтерияның есеп бөлімінің басшысы:

– Жылы, шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша адамзаттың көңілін жадырата келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймын. Әрбір шаңыраққа шаттық, зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілеймін. Жылдан жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер. Тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүрулеріңізге тілектеспін! Ембіде1998 жылдан бастап еңбек етіп келемін. Қазіргі уақытта жолдасым екеуміз үш баланың ата-анасымыз. Біздің мекемеде өз істерін жетік меңгерген әріптестер жетерлік. Олардың көпшілігі қыз-келіншектер десем қателеспеспін. 

Айнұр Танкашева, Индира Нұрғалиева, Аяжан Есенжанова, «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері:

– Халқымызда «Дос – ажарың» деген жақсы сөз бар. Ажарыңды ашатын, көңіліңдегіні тап басатын, ақылыңа ақыл қосатын досың болғаны ғанибет қой. Достық – адамдардың бір-біріне адал, бір мүдделі, ортақ көзқарастағы рухани жақындық қасиеті десек, біз осы үрдістен табылуға тырысамыз. Біз бір-бірімізге деген достықты жұмыс барысында таптық. Бізді қосқан бір ұжым, бір орта – «Ембімұнайгаз» АҚ. Бір ұжымда еңбек ете жүріп, бір-бірімізге қамқор болып, қолдау көрсетеміз. Осындай достық қарым-қатынас ұжымдық рухтың көтерілуіне де үлкен үлес қосады деп білеміз. Сондықтан да, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Сіздерге көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала берулеріңізге тілектеспіз.

Жанаргүл Бөлекова, «Ембімұнайгаз» АҚ Қазынашылық департаментінің аналитигі:

– «Іргетасы мықты қоғамның күші – татулығы жарасқан отбасында» деген пікірді жиі айтамыз. Ойлап қарасақ, осы бір сөйлем отбасының қаншалықты қуатты екенін ашып көрсетіп тұрған жоқ па! Шындығында да, әр қоғамның іргетасы – берік отбасында. Отбасымызда бірлік болса, қоғам да мықты. Жолдасым Бағдат екеуміз жанұямызда 2 бала тәрбиелеп отырмыз. Қазақ халқының түсінігінде ер адамның тіршілігі – түзде, үйдің қам-қаракеті әйел адамның жауапкершілігінде деген ұғым бар. Бұл – даланың жазылмаған заңдылығы. Ата-анамыздан осындай тәрбиені бала кезімізден бойымызға дарытып өстік. Балаларымыз жан-жақты болып өсуін үнемі назарда ұстаймыз. Біздің бүгінгі қоғамда ананың рөлі ерекше екені даусыз. Баласын тәрбиелеп, үй шаруасын реттеп, қоғамның тіршілігіне де белсене араласып жүрген әйелдерді, қыз-келіншектерді мен осы бейбіт заманның «ерлері» дер едім. Елдің нағыз азаматын қалыптастырып, жақсы ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар жолдасының адал серігі бола білу – әйел адамның ең үлкен жетістігі. Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестерім!

Гүлнар Мусина, «Ембімұнайгаз» АҚ, Күрделі құрылыс департаментінің аға инженері:

– Қазақта «Дүниеге бір бала келсе, бір түп жусан артық өседі» демей ме?! Мен көп балалы отбасында өстім. Бүгінде өзім де көпбалалы анамын. Ата-анамыз жастайымыздан еңбекке баулып өсірді. Көпбалалы отбасыдан шыққан баланың бір ерекшелігі көпшіл, еңбексүйгіш болып келеді. Ал, бүгінде көпбалалы жанұялардың қатары азайды. Жағдай болса, баланың көптігі бақыт қой. Өзім жастайымнан еңбекке жақын өскендіктен, бүгінде балаларымды да үнемі шаруаға жұмсап отырамын. Мақсатым – еңбек арқылы барлық жақсы әдетті отбасынан алсын деген ой. «Адам бақыты – бала» деген ғұлама-ойшылдар сөзін мен біздің бұл өмірдегі жиған капиталымыз – балаларымыз деп түйіндер едім. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Ендеше, отбастарымыз аман, бауырларымыз бүтін, балаларымыз бақытты болсын, құрметті әріптес аналар!

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх