«Қазгермұнай» қызметкерлері Жолдауды талқылады

«Қазгермұнай» қызметкерлері Жолдауды талқылады
06.03.2017
226
Өндіріс

«Қазгермұнай» қызметкерлері Жолдауды талқылады

23 ақпанда «Қазгермұнай» компаниясының Ақшабұлақ кен орнында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтың, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Кимнің және компания басшылығының қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды. 

Жолдауда сөз алған Энергетика вице-министрі Мағзұм Маратұлы: «Бұл Жолдау Қазақстан дамуындағы сынақты кезеңдерді артта қалдырып, жаңа дәуірге аяқ басқан мемлекеттің жоспары. Ең бастысы, біз осы жетістіктерге  ширек ғасырдың ауқымында-ақ жеткенімізді ұмытпауымыз қажет. Бұл – біздің баға жетпес табысымыз. 
Сіздерді «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын инновациялық Жолдауындағы бес негізгі бағыттарды, маңызды кешенді үш міндетті жүзеге асыруға шақырамын» – деді.
Сонымен қатар, компания мұнайшылары Жолдауға қатысты сұрақтар қойып, жауаптарын алды. 
Президентіміздің бұл бастамасын компания басшылығы мен кен орындарындағы мұнайшылар бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Нұралы кен орны мұнайшылары да «Ақшабұлақ» кен орнында өтіп жатқан Жолдауға қатысты отырысты бейнеконференц байланыс форматында көруге мүмкіндік алды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх