Қайырымдылық көрсетілді

Қайырымдылық көрсетілді
22.02.2017
265
Әлеумет

Қайырымдылық көрсетілді

17 ақпан әлемде мейірімділік таныту күні деп жарияланған болатын. Соған орай жүрегінен жылу, көңілінен шуақ кетпеген ембілік мұнайшылар атаулы күнді лайықты қарсы алып, 5 мұқтаж отбасы мен Ана Үйіне қайырымдылық көмек көрсетті. 

Өндірісті келешек дамыту департаментінің бастауымен, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қ.Есқазиев блогының қызметкерлері құқықтық қамтамасыз ету департаменті директоры А.Каримовтың бастамасымен Жаңа жылға берілген теледидарды мұқтаж отбасына беруді шешті. Сондай-ақ құқықтық қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс, кадр, баспасөз қызметі блогы басшылары және қызметкерлерінен 140 мың теңге, сонымен қатар бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының бастамасымен теледидарды сыйға берумен қатар, қаржы блогы қызметкерлерінен 335 мың теңге қаражат жиналды. Барлығы, 475 мың теңге қайырымдылық ретінде жұмсалды. Атап айтқанда, көлік апаты салдарынан сал болып қалған әкесін бағып отырған және 6 баланың анасы Гүлданаға 100 мың теңге табыс етілді. Ал Махвират пен Галинаның отбасына теледидар және 50 мың теңгеден берілді. Екі отбасында да сал ауруына ауруына шалдыққан балалар бар, өз үйлері жоқ, мүгедектік жәрдемақысына күн көріп отырғандар. Қиындыққа қарамастан екі әйел де балаларын айықтыру үшін ем-домнан аянып қалып жатқан жоқ. Көмек қаржыны көрген аналар көздеріне еріксіз жас алды. Тағы да 50 мың теңгеден Гүлбадан мен Динараның отбасына берілді. Екеуі де көп балалы, азаматтары жоқ. Қалған 175 мың теңге Атырау қаласындағы Ана Үйіне табысталды. Онда қазіргі уақытта 12 ана тұрып жатыр, олардың 10-ы сәбилерімен барар жері жоқ жандар. Қайырымдылық көмек көрген жандардың бәрі де «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы мен қызметкерлеріне шексіз алғыстарын білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх