Әріптестер кездесуі өтті

Әріптестер кездесуі өтті
10.02.2017
253
Қызметкерлер

Әріптестер кездесуі өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Қуандық Қалидуллин бастаған әлеуметтік сала мамандары «Өзенмұнайгаз» АҚ-да тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапармен болды.

Өзара әріптестік кездесу барысында «Ембімұнайгаз» мамандары «Өзенмұнайгаз» сияқты алып компаниядан көңілге буып, көкірекке түйіп қайтатын нәрселер көп деп ойлайтындықтарын  тілге тиек етті. «Бармасаң жат боларсың» демекші, қос компанияның әлеуметтік сала қызметкерлерінің өзара кездесуі жайма-шуақ достық әңгімелесу түрінде өтті.     
«Өзенмұнайгаз» АҚ Әлеуметтік-әкімшілік департаментінің директоры Бауыржан Жұбаназаров қазақ мұнайының «қара шаңырағы» Атыраудан келген әріптестерінің сапарына сәттілік тілеп, тараптардың тәжірибе алмасу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. 
Алдын-ала бекітілген жоспар бойынша тәжірибе алмасу, нысандармен танысу іс-шаралары жалғасын табады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх