Мерейтойыңыз құтты болсын!

Мерейтойыңыз құтты болсын!
24.01.2017
218
Әлеумет

Мерейтойыңыз құтты болсын!

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның зейнеткері Ғалия Қосанованы 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғалия Сабырқызы Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы институтын тәмамдаған соң, еңбек жолын туып-өскен мекені – Ембі өңірінде бастады. Ол 32 жылға жуық еңбек жолында Еділ мен Жайық – қос өзен аралығында орналасқан «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының әлеуметтік қамсыздандыру саласында еңбек етті.  Ембі кен алаңдарындағы әлеуметтік нысандардың талапқа сай жұмыс істеуінде Ғалия Сабырқызы мол еңбек сіңірді. 
Жолдасы Жақсылық Усалиев – бар саналы ғұмырын Ембі кен алаңдарының қалыптасып, дамуына арнаған ардагер мұнайшы. Жақсылық пен Ғалияның тәлім-тәрбиесін көрген отбасындағы 4 бала жоғары білім алып, бүгінде ел игілігі жолында еңбек етуде. Ұлдары Рүстем «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-на қарасты мекемелерде әр деңгейдегі басшылық қызметтерді атқарып, өзін абыройлы еңбегімен көрсетіп жүрсе, қыздары Ақмарал – жас та болса ұжым басқарған кәсіби маман. Ол бүгінде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Орталық зертханасының меңгерушісі, сонымен қатар тәлімгер. Ақмаралдың шәкірттері жыл сайынғы «Үздік маман» дәстүрлі сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. 
Өнегелі ұрпақ өсірген ана, ардагер мұнайшы Ғалия Қосанованы мерейжасымен құттықтай отырып, деніне саулық, шаңырағына шаттық тілейміз. Мерейтойыңыз құтты болсын! 

Игі тілекпен, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұжымы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх