Ембілік жас мұнайшы үздік деп танылды

Ембілік жас мұнайшы үздік деп танылды
24.01.2017
539
Қызметкерлер

Ембілік жас мұнайшы үздік деп танылды

«Жыл үздігі»
«Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қабат қысымын сақтау операторы Әбділмәжит Сайфеденов 2016 жылдың қорытындысы бойынша Исатай ауданының «Үздік жас мұнайшысы» атанды.

Әбділмәжит Сайфеденов – қос бірдей дипломды жоғары білімді жас маман. 2006 жылы Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық заң колледжін қызыл дипломмен аяқтап, жоғары білім алу үшін Атырау Мұнай-газ университетінде білімін жалғастырады. Аталмыш білім ордасын «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша аяқтап, өзінің туып өскен жері Исатай ауданындағы іргелі ұжым – «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына жұмысқа тұрады. Жас маман болса да, ол өзін әріптестері арасында жақсы қырларымен көрсете білуде. «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша өткен «Үздік маман-2016» сайысында топ жарып, үздік маман атанды. 
Ә.Сайфеденов еңбектегі табысымен ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да қатарластары арасында көш басында келеді. 9 жасынан бастап спорттың самбо, дзюдо түрлерімен айналысып, ауданішілік, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып, бірнеше дүркін жүлделі орындарды иеленді. Ақтөбе облысы бойынша 8 рет (4 рет самбодан, 4 рет дзюдодан) чемпион атанса, 6 рет қатарынан Атырау облысының чемпионы болды. Ресейдің Орынбор, Челябинск, Орск, Красноярск  облыстарында өткен 400-дей спортшының арасында топ жарып, чемпион атанды. 
Әбділмәжит сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің белсенді мүшесі. Компания тарапынан ұйымдастырылатын барлық шаралардың бел ортасынан табылып жүр. 
Исатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік қолтаңбасы бар жас маман Ә.Сайфеденов 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнайлы өңірдегі «Үздік жас мұнайшы» номинациясын жеңіп алды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх