Қазгермұнай қуатты компания

Қазгермұнай қуатты компания
24.01.2017
375
Әлеумет

Қазгермұнай қуатты компания

Бүгінгі күні Қазақстанның мұнай секторы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан сала. Сыр өңіріндегі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай өндіру секторындағы көшбасшы мұнай компанияларының бірі. Бүгінде «Қазгермұнай» компаниясының теңгерімінде орталық Ақшабұлақ, Шығыс Ақшабұлақ, Оңтүстік Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындары бар. Жылдан жылға компанияның өндірістік көрсеткіші жоғарылай түсуде. Соңғы жылдары компания жылына 3 млн. тонна тұрақты өндіруді ұстап тұр. 

Өңірімізде «қара алтынның» тынысы ашылған ширек ғасырдан астам уақыттан бері өндірістің өрлеу үрдісі үздіксіз жалғасып келеді. Арысқұмнан бастау алған мұнай өндірісі аймағымыздағы өркениетті өзгертіп, тұрмысымызды түзеп, ел экономикасының еңсе тіктеуіне жол ашты. Өндірістік өрлеуді бетке алған өңірдегі үздік компания «Қазгермұнай» БК» ЖШС мемлекетіміздің Тәуелсіздігімен бірге түлеп, егемендік жылдарында көш басына орнықты. Осы орайда «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының жалпы істер жөніндегі орынбасары Айтбай Көшербаевпен сұхбаттасқан едік.

– Айтбай Көшербайұлы, Сізді алдымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік медаліңізбен және «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» марапатыңызбен құттықтаймыз! Еңбегіңіздің жемісіне бөлене беріңіз! Сыр өңірінде «қара алтынның» игеріле бастағанына да ширек ғасырдан астам уақыт болыпты. Осы аралықта елімізде мұнай өндіру ісі айтарлықтай артып, ілгерілеп келеді. Әрине, мұнда аймақтағы мұнай компанияларының үлесі жоғары. Оның ішінде «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорнының мұнай өндіру секторындағы алар орны айрықша. Бұл компанияның Тәуелсіздік жылдарында іргесі қалануы ел экономикасының еңсе тіктеуіне жол ашты. Ендеше өткенге сәл шегініс жасасақ...

– «Қазгермұнай» компаниясы өзіңіз айтқандай, Тәуелсіздіктің құрдасы, компанияға 23 жыл толды деп айтатын болсақ, жалпы өндірістің негізінде барлау, зерттеу, өндіруге дайындау жұмыстарын қоса есептесек, тура 25 жыл болып шыға келеді. Міне, осы аралықта Ақшабұлақ, Нұралы кен орындарындағы мұнай өндіру саласы жылма-жыл өсу қарқынымен компания нығайып келеді. Алғашқы мұнай өндіруді 300 мың тонна көлемінде бастаған болсақ, өткен 2016 жылды 2 млн. 900 мың тонна көлемінде мұнай өндіру деңгейінде нәтижелі аяқтап отырмыз. Компанияның жалпы өндірістік-экспорттық әлеуетінде мамандану арқылы ішкі жаңа технологиялық өндірістік шешімдерді батыл қолға алып, өндіріске енгізуде. Салыстырмалы түрде айта кетсек, өндірістік алқаптарымызды аралап көрсеңіздер, качалка деген қондырғыларды көрмейсіз. Негізі мұнай соратын және мұнайдың өз күшімен шығып жатқан скважиналарымыздың барлығы – жерасты, осындай заманауи технологиялық қондырғыларымен жабдықталған. 

– Жалпы, «Қазгермұнай» БК-ның Сыр өңірі  экономикасының дамуына қосып жатқан үлесі қандай? 

– Жергілікті дамуға салықтың түсім көздері, егер салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен 2016 жылы біз жергілікті бюджет қорына 3 млрд. теңгеден астам қаражат салдық. Бұл экспорттық сатылым бағасының төмендеуіне қарамастан, жергілікті бюджетке құйылып отырған  қомақты үлес деп есептейміз.  

– «Қазгермұнай» компаниясы көмекке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл саладағы жұмыстарыңыз туралы да айтып өтсеңіз?

– Бұл арада жалпы белгілі жүйе бойынша тәртіп бар десем болады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде облыс әкімдігі мен компания басшылығы арасында меморандумға жыл сайын қол қойылып, жылма-жыл меморандум жаңартылып отырады. Осы меморандум негізінде іске асырылған, Қызылорда қаласындағы барлық жастарымыздың қуанышы болған мұз айдыны, қолға алынып жатқан әуежай жобасы, кеше ғана іске қосылып, иігілікке берілген Қызылорда қалалық ипподромы, орын алған проблемаларға қатысты құрылысы бітпестен тоқтап қалған Талсуат елді мекеніндегі жүйке жүйесін оңалту орталығы құрылысының аяқталуын атап өтер едім. Міне, осы жобалар көптеген қомақты қаржыны қажет етті. Осы қаржыны жоғарыда айтылған меморандум негізінде келісе отырылып, компания өз кезегінде қамтамасыз етті. Бұл жобалар қазір толық іске асты. 

– Кәсіпорын қазіргі таңда облыс тұрғындарын төмен баға бойынша көгілдір отынмен қамтамасыз етуде. Қала халқына қажетті көгілдір отынның қанша бөлігі осы компанияның үлесінде?    

– Қызылорда қаласында өндірілген мұнаймен бірге ілеспе газды өңдеп, оны қайта сапалы байытып, көгілдір отынды жіберіп жатқан біздің мұнайшылар. «Қазгермұнай» компаниясы Қызылорда қаласын 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл 2005 жылдан басталды. Қаланың газға сұранысы өсіп келе жатыр, өндірістік бағытта, тұрмыстық бағытта осының бәрін қамтамасыз етіп отыр. 

– Компанияда қызмет атқаратын мұнайшылардың еңбек құқықтары қалай қорғалуда?

– Мұнайшылар 15 күн вахталық әдіспен еңбек етеді. Өндірісте еңбекке қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, қажетті әлеуметтік нысандармен қамтылған. Еңбекақы уақытында тұрақты беріледі. Сонымен қатар, еңбекке ынталандыруда жұмыс орны, оның техникалық қауіпсіздігі, еңбек ету стандарттарына сәйкес болуы, ол еңбек жасау орнына сәйкес болуы, құрал-саймандары, арнайы киімдері, тиісті көліктермен қамтамасыз ету, төменгі скважиналарға түсетін жерлердегі қондырғылардың қауіпсіз болуы, бұл техникалық циклдің барлығы күнделікті басшылыққа алынған. Сөзім дәлелді болу үшін айта кетейін, біз соңғы жылдары қазіргі ақпараттық жабдықтарды скважина басындағы қондырғыларға орнатып болып қалдық. Яғни, бұл арада «онлайн» режимде, мысалы: №49 скважина не болып жатқанын, оператор қалай жұмыс істеп жатыр, қаншалықты ол дұрыс істеп жатыр, қандай проблема, ақау байқалатынын көріп отыруға болады. Сол кен орынның басындағы департамент мамандарының компьютерлік жүйе арқылы бақылауында. Болашақта бақылау-басқару орталығына оны біріктіру, мұнай компаниясындағы жергілікті кен орнында не болып, қалай жұмыс істеп жатқанын циклді қаншалықты сақталып жатқандығын, қандай мәселе туындап жатқандығын тікелей көріп отыруға мүмкіндік бола бастайды. 

– Өзіңіз айтқандай, қызметкерге еңбек құқығының қорғалуына жағдай жасалған. Ал, компания басшылығының қызметкерлерге қоятын қандай талап-шарттары бар? 

– Қызметкерлерге қойылатын негізгі талап кәсіби біліктілікке қатысты. Кәсіби мамандардың біліктілігі қай деңгейде болуы керек? Бұл жөнінен басшылық қызметкерден бастап, кәсіби көрсеткіштерімізді есептік жүйемен сараптап отыратын арнайы бағдарлама енгізілді. Яғни, мен бас директордың жалпы жұмыстар жөніндегі орынбасары болсам, менің салама қатысты тамақтандыру жүйесі, барлық мәселелердің уақтылы жеткізілуі, вахталық поселкалардың уақтылы мәселелерінің шешілуі, қарым-қатынастың дұрыс болуы, логистиканың дұрыс болуы, барлығы адам өмірінің қамтамасыз етуіне келеді ғой, оның барлығы қаншалықты ақаусыз, болмаса қандай ақаулар болды, оның барлығы балдық жүйемен толықтырылып, иә шегеріліп, иә төмендетіліп, иә жоғарылап отырады. Бұл әрбір қызметкердің басшысына немесе орта буынды қызметкер ме, оған қарамастан талап жүйе енгізілген. Бұл талаптар қатардағы мамандарға да қойылады. Қорытындыланған жұмыстарға қатысты қызметкерлерді жинап, олардың ортасында – мінекей мынау «қорытынды», мынау «жетістік», мынау «жақсы», мынау «орташа» деген сияқты нәтижені көрсетеміз. Міне осыған көңіл бөліп, кәсіподақ ұйымымыз бар, басшылық азаматтарымыз барлығы Нұралы мен Ақшабұлаққа ұжымның ортасына барып, құттықтап, тиісті қортындыларға оң болсын айтып отырсақ, жақсы нәтижелер арта түседі деп ойлаймыз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх