Әріптесіміз – «Жыл адамы-2016» сыйлығының иегері!

Әріптесіміз –  «Жыл адамы-2016» сыйлығының иегері!
24.01.2017
501
Қызметкерлер

Әріптесіміз – «Жыл адамы-2016» сыйлығының иегері!

Өткен жылдың 28 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы «Нұр Плаза» қонақ үйінде, жыл сайынғы «Жыл адамы – 2016» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті.

Байқаудың «Жыл мұнайшысы» аталымында әріптесіміз – «Қаражанбасмұнай» АҚ №1 Мұнай өндіру цехының операторы Ақмұрат Атшыбаев үздік деп танылды. Еңбек жолын 1979 жылы бастаған Ақмұрат Әбуұлының мұнай саласында қызмет жасағанына 37 жыл. Еңбектегі  жоғары көрсеткіштері үшін бірқатар марапаттарға ие болған.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх