Өзенмұнайгазға арнайы техникалар жеткізілді

Өзенмұнайгазға арнайы техникалар жеткізілді
24.01.2017
435
Өндіріс

Өзенмұнайгазға арнайы техникалар жеткізілді

Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы балансында 1443 бірлік әртүрлі арнайы техникалар бар. Соның ішінде 545 бірлігі, яғни 38 пайызы 10 жылдан астам уақыт пайдалануда болып тозығы жеткендіктен, компания бас директоры Дәулетжан Хасановтың бекітуімен арнайы техникаларды 2017-2021 жылдар аралығында 5 жылдық жаңарту жоспары жасақталған. Аталған жоспар бойынша 2017 жылы 174 бірлік арнайы техникалар жаңартылуы тиіс болатын. Алайда, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің тікелей қолдауымен, алдын ала, 2016 жылдың соңында компания бюджетіне қомақты қаржы бөлініп, 50 бірлік арнайы көлік сатып алынды. Соның ішінде отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету бағдарламасына сай 2 бірлік АПРС-40 көтергіш агрегаты Петропавл ауыр машина жасау зауытынан, 28 бірлік АЦН және 11 бірлік АСР арнайы көліктері Көкшетау қаласындағы «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ отандық тауар өндіруші зауыттармен келісім-шарт жасақтау арқылы сатып алынды. Сонымен қатар, 9 бірлік ПАЗ автобусы да сатып алынып, «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмыскерлерін өндіріс аумағына жаңа автобустармен тасымалдауға мүмкіншілік туындады. Осындай жаңалықтар алдымыздағы жылдарда да жалғасын табады деп сенудеміз. 2017 жылы қалған 124 бірлік техникаларды сатып алуға тендерлік құжаттарды толтыру жұмыстары басталып кетті.

Болат Бекжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ, Транспорт департаменті директоры

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх