«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты байқау өтті

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты байқау өтті
27.12.2016
313
Қызметкерлер

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты байқау өтті

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 Мұнай-газ басқармасында 9 желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты цехаралық байқау өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды. Байқауда қатысушылар патриоттық тақырыпта әндер шырқады. Ақындардың өлеңдерін оқыды. Қазақ тарихының әр кезеңінен қойылымдар қойды.

Байқау алты құрлыққа азат ел ретінде танылған Қазақ елінің айбынды әнұранымен ашылды. Байқауға Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі басқарушы директор Марат Себасов, Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай, №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев, №4 Мұнай-газ өндіру басқармасы кәсіподақ төрағасы Ибайдулла Әмеловтер қазылық жасады.
Байқауға қатысқан №2,8,12 МГӨЦ, №1 ЖЖДжЖЦ, №1 СЖАЦЖ, №1 ҚҚСЦ, Аппарат басқармасы, ЗЖЦжӨҚКЦ жұмыскерлері өздерінің қойылымдары арқылы қилы кезеңді басынан кешірген қазақ халқының тарихынан сыр шертті. Көріністерді тамашалап отырып, әріптестеріміздің әртістік шеберлігіне сүйсіндік, риза болдық.
ЖЖДжЖЦ жұмыскерлерінің көрінісіндегі қазақ үшін ұлы тұлға Абылай образы өте шынайы сомдалған. №2 МГӨЦ жұмыскерлері ұсынған Семей полигонының құрбаны – мүгедек қыздың тіршілігіндегі мағынасыздық, өз өмірінен қашып құтыла алмайтын шарасыздықты, тығырыққа тірелген күйзелісін көргенде, еріксіз жанарға жас келеді.
№1 ҚҚСЦ ұжымының репрессия құрбандарына арналған қойылымы да Алаш ардақтыларына арналған тағзым іспеттес болды. 
Басқарма директоры Бекболат Нұрлыбаев пен кәсіподақ төрағасы Ибрагим Сатыбаев басқармадағы тәуелсіздік құрдастары мен мұнай саласында ширек ғасырдан бері тер төгіп, ел ырысын еселеп жүрген бір топ азаматтарды алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Байқау нәтижесінде, бас жүлдені №11 МГӨЦ, І-орынды Аппарат басқармасы, ІІ-орынды ҚҚСЦ, ІІІ-орынды №2 МГӨЦ ұжымы иеленді. Өзге қатысушы цехтар ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Шараның керемет өтуіне Әлеуметтік-әкімшілік қамту бөлімінің бастығы Рабиға Манасова мен кәсіподақ төрағасы Ибрагим Сатыбаевтың зор үлес қосқандығын айтып кеткен жөн.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх