«Өзенмұнайгазда» еңбек ету – қуаныш!

«Өзенмұнайгазда» еңбек ету – қуаныш!
27.12.2016
281
Өндіріс

«Өзенмұнайгазда» еңбек ету – қуаныш!

№2 Мұнайгаз өндіру басқармасына қарасты 5 «а» Шоғырланған сораптар станциясының ұжымы компанияның өсіп-өркендеуі жолында мол үлестерін қосып келе жатқан ұжымның бірі. Қазіргі таңда аталған ұжым үлкен қуанышқа бөленуде.

Өйткені, неше жылдан бері айтылып, қайта-қайта көтеріліп келе жатқан сораптардың әбден ескіркені жөнінде проблема оң шешімін тауып, түгелдей жаңартылды. Бүгінде «Ақтауойлмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орнатқан сораптарға қарасаң, көз қуанып, көңіл марқаяды.
«Ұжымдағы әрбір жұмыскер жұмыс орнындағы сораптарға, құрылғыларға, аспаптар мен жабдықтарға жанашырлықпен қарайды. Мен қиындығы мен қызығы қатар жүретін мұнай саласында 1994 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Ал операторлар Саналбай Сәтмағанбетов пен Айсұлу Сарыева 2003 жылдан жұмыс жасап келеді. Өз ісінің мамандары сораптар станциясының машинистері Бақыт Байдаева 1993 жылдан бері, бала күтімі демалысынан шыққан Гүлзия Қожанова 2008 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан жайлары бар. Ұжым ынтымақ-бірлікте еңбек етуде. Жұмысқа келген әркім өз міндетін, өз ісін атқарып жатады. Жаңадан салынған мәдени үйшігіміз қыста пана, жазда сая болып тұр. Әсіресе, жаңа сораптар орнатылып, биылғы мамыр айында іске қосылғалы бері машинист қыз-келіншектердің жұмысы көп жеңілдеді. Бұл сораптарға тығырық соғу қажеттілігі жоқ. Тап-таза. Еңбек етуге барлық қолайлы жағдай тудырған компания басшылығына шексіз алғысымызды білдіреміз», – дейді аталмыш шоғырланған сораптар станциясының шебері Әнуарбек Сарманов. Компанияда қызметкерлер біліктілігін жоғарылату мақсатында үнемі үздіктер сайысы өткізіліп тұрады. Бұл сайыста мамандардың кәсіби шеберлігімен қатар, теориялық білімі де бәсекеге түседі. Осындай сайыстарға қатысқан машинист Бақыт Байдаева цехаралық сайыстан жүлделі 2 орынды иеленсе, оператор Саналбай Сәтмағанбетов 3 орынды иеленіпті. Өткен жылы «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бойынша машинист Айгүл Қартбаева бірінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіштер жұмыскерлердің біліктілігінің жоғары екендігін көрсетеді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх