Жаңа технологиялармен жаңаруда

Жаңа технологиялармен жаңаруда
27.12.2016
355
Өндіріс

Жаңа технологиялармен жаңаруда

Забурын кеніші «Жайықмұнайгаз» басқармасына қарасты кен орындарының ішіндегі шалғай орналасқаны. Цех бастығы қызметін білікті маман Құрманғазы Сахуалин атқарып отыр. Қазіргі уақытта кеніште 91 ұңғыма мұнай беріп тұр, олардың 44-і штангалы тереңдік сораптары, 47-і бұрандалы сораптармен жұмыс жасайды. 7 май қыздыру пеші бар, олардан өткен мұнай 80 шақырым жердегі С.Балғымбаев кен алаңындағы мұнай жинау пунктіне жіберіледі. Қазір өндірісте 5,9,11 кВт және 16,18,20 кВт қуатындағы сораптар көптеп қолданылады, өйткені электр энергиясы шығыны аз. 

Забурын мұнайгаз өндіру цехы аумағында бірнеше өндірістік нысандар, атап айтқанда, мұнай өндіру, мұнай дайындау және айдау цехтары, сорап жөндеу цехы, өртке қарсы бөлім, «Медикер» емдеу пункті, 50 орындық асхана мен 60 орындық жатақхана бар. 
Биылғы жасалған жұмыстар ішінде айта кетерлігі, кенішілік мұнай құбырларын ауыстыру жұмыстары. Барлығы 37650 метр құбыр желісі жаңасына ауыстырылды. Бұл құбыр бойына қан жүгіріп, оның бойымен сұйықтықтың жақсы жүруіне септігін тигізіп отыр. Бұрынғы жарылған, бітелген ескі құбырлардың бәрі қолданыстан шығарылды. Бүгінде ұңғымаларға бұрандалы сораптар көптеп енгізіліп жатқаны белгілі. Соның ішінде Забурын кен орнында жоғарыда атап өткеніміздей, 50 шақты осындай сорап бар. Сондықтан да бұл қондырғының өндіріске қажеттілігі айқын. Ұңғымадан көтерілген электрвинттік сораптар цехтағы тексеру-тестілеу стендісінен өтеді. Қондырғы арқылы ұңғыманың сапасын қараумен қатар, қысымын тексеріп, алға қарай жарамдылығын анықтайды. Кеніштің өз ішіндегісін айтпағанда, «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» басқармаларынан да жөндеуге сораптар келіп, айына кем дегенде 10-15 сорап жөнделіп шығады. 
Цехта жерасты жай жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Бұрын айына 14-15 ұңғыма жөнделетін болса, қазір аралық жөндеу ұзарып, айына 7-8 ұңғыма жөнделетін болды. Жөндеу шеберлері Х.Асанов пен Е.Ахметжановтың айтуынша, ондағы гәп ұңғы ішінде енетін шыбықтардың тез істен шығып қалуы. Соны болдырмас үшін енді 19 мм «Д» супер шыбығына алмастырылып, ұңғыма жұмысы ұзаққа баратын болды. 
Биыл Забурын цехында қаржы қиындығына қарамастан ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, еденнен шатырына дейін, есік-терезелері, су, электр, байланыс желілері алмастырылып, түгел жаңартылды. Жұмысшылардың еңбек орны жаңарып, жаңа кейіпке енді. Кенорнындағы асхана мұнайшыларға дәмді тамақ берсе, «Медикер» медициналық қызмет көрсетеді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх