Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік
27.12.2016
336
Қызметкерлер

Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Ата-бабамыз сан ғасыр армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл ширек ғасыр толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз талай асулар мен белестерден өтті, әртүрлі саяси-экономикалық өзгерістер мен жаңаруларды бастан өткерді. Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман шықты.

Осы кезеңде Қазақстан дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жетті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын барша қазақстандықтар ерекше мән беріп атап өтті. Сондай тағылымды шара мұнайшылардың қатысуымен «Ембімұнайгаз» АҚ-да да өтті. Шараны «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары А.Жақсыбеков құттықтау сөзбен ашты. 
– Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын! Бүгінде әлем нарығындағы қаржы дағдарысына қарамастан біздің Компания болашаққа нық сеніммен қарап отыр. 2015 жылы бекітілген Компанияның Стратегиялық даму жоспарына сай өндірісті үнемі дамыту және шығындарды азайту мақсатында жаңа техника мен технологияларды қолданудамыз. 2016 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша мұнай өндіру жоспары 2,3 миллион тоннаға орындалды. Қор көлемін көбейту үшін Компания барлау жұмыстарын қолға алып, С.Нұржанов, Аққұдық, Оңтүстік Шығыс-Новобогат, Уаз кен алаңдарында өнім беру көрсеткішін арттыру мақсатында ұзақ мерзімді игеру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Компания болашақта тұз асты қабаттарын барлауды қолға алады, – дей келе ол, компанияның алдағы жоспарлары мен міндеттеріне, әлеуметтік саладағы жұмыстарға, өлке инфрақұрылымының дамуына қосып отырған үлесі, қайырымдылық көмектер жөнінде де айта кетті.  
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көптеген мамандар марапатқа ие болды. Атап айтқанда, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А.Габдуллин, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бастығы Ш.Төлеңгітов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы мұнай және газ өндіру цехының бастығы Қ.Мұқашев, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бас технологы Ж.Сағындықов марапатталды. Көптеген мамандар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен, Естелік белгісімен марапатталды. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен «Ембімұнайгаз» АҚ жобалау-сметалау жұмыстары бөлімінің инженері Г.Айдарова, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат ұңғыларды жер асты жөндеу бригадасының операторы Н.Оразов, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ автобус жүргізушісі Ө.Алагөзов, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Қосшағыл мұнай және газ өндіру цехы механигі Б.Қуанбаев, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғымаларды жерасты жөндеу цехы көтергіш машинисі Д.Кенжегалиев, «Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасы, Құлсары базасының автобус жүргізушісі А.Таңқыбаев, «Ембімұнайгаз»АҚ механика және көлік департаменті жетекші инженер-механигі Қ.Буркулов, Алғыс хатпен  «Жайықмұнайгаз» МГӨБ өндірістік-техникалық бөлімі бастығы орынбасары Т.Қизатов, «Ембімұнайгаз» АҚ сапа жөніндегі жетекші инженері А.Айбаров және бірқатар мамандар «Ембімұнайгаз» АҚ және кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды. «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері мұнай өндіру, өндірісті дамытумен қатар, бұқаралық спорттың өркендеуіне де үлкен үлес қосып келеді. Бұдан 3 жыл бұрын құрылған «Ембімұнайгаз» футбол командасы облыс спортында өзіндік орны бар ұжымға айналды. Облыс чемпионы осы соңғы 2 ай ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, мұнайшыларға 3 бірдей, атап айтқанда, Атырау облысы әкімінің, Атырау облысы әуесқой футбол лигасы және де Батыс Қазақстан әуесқой футбол лигасы Кубоктарын сыйлап, бір қуантты. Соған сәйкес, «Ембімұнайгаз» футбол командасы құрамасы «Ембімұнайгаз» АҚ және кәсіподақ комитетінің марапаттарына ие болды. Мерекелік шараны «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің фольклорлық ансамблі мен жеке өнерпаздары ән-жыр, күймен көркемдеді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх