Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!
27.12.2016
339
Қызметкерлер

Құттықтаймыз!

Жақсыгерей Құбашев, 
«Ембімұнайгаз» АҚ, «Қарсақ» кенорны мұнайгаз өндіру операторы:

Ер дәулеті – еңбек!

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мұнайшылармен, қарапайым еңбеккерлермен бас қосқан жиынға қатысу зор мәртебе болды. Ембі мұнай өндіру саласында қырық жылдың үстінде еңбек етіп келеміз. Осы жылдарда талай қиыншылықтар да болды, табыс пен жетістіктерге де жеттік. Түбінде қандай еңбектің де өтеуі болатыны рас қой. Елбасының өз қолынан «Еңбек Даңқы» орденін кеудеңе тағудың ықыласы ерекше екен. Жүрегім тулап, көңілім шаттанды. Президентіміз қолымды қатты қысып, біраз ұстап тұрды, жылы лебіздерін білдіріп жатты. Кеудемді қуаныш кернеді. «Жер – өмірдің бесігі, еңбек – ердің несібі» дегендей, мемлекет басшысының өзі еңбек адамдарын қолдауда, мерейін өсіруде. Алға қарай да қарапайым жұмысшылардың еңбегі елене берсін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Биыл 25 жылдығы аталып өткен Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Қарлыға Алтыналиева, 
«Ембімұнайгаз» АҚ, «Қарсақ» кенорны мұнайгаз өндіру цехының шебері:

Менің мерейім – ұжым мерейі!

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қашаған» кен орнының іске қосылуы қазақстандықтар үшін қуанышты оқиға  болды. Елбасының қатысуымен Атырау қаласында өткен жиынға мұнайшылардың да қатысқаны зор абырой. Осы салтанатты бас қосуға маған басшылар «сіздің қатысуыңыз керек» дегенде қуанышымда шек болмады. Қарапайым еңбек адамының осы жиында отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жылы құттықтауларын, еліміздің өткені, қазіргі уақыты, болашағы туралы айтқан ойларын тыңдау бір ғанибет еді. Менің есімім аталып, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Доссормұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасының шебері 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталады» деген хабарлауды естігенде толқып кеттім. Мемлекет басшысының қолынан жоғары марапат алу менің өмірімдегі ең айтулы оқиғаның бірі болды. Қазақстан Республикасының 25 жылда талай биіктіктерді бағындыруы еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты, кемеңгер басшылығы арқасында жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіздік мерекесіне орай еңбегімнің бағалануы «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» МГӨБ, менің барлық ұжымдастарымның мерейі деп білемін. Басшыларыма да көп-көп рахмет. Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Құттықтаймыз!

Ұжымымызда екі әріптесіміздің мемлекеттік марапатқа ұсынылып, Елбасы атынан «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталуы – зор абырой. Еңбек адамы қашан да елеусіз қалған емес. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қарапайым еңбекшілердің жоғары марапатқа ұсынылуы – олардың халық алдындағы беделін көтерудің көрінісі. «Қарсақ» кенішінің мұнайгаз өндіру шебері Қарлыға Алтыналиева мен мұнайгаз өндіру операторы Жақсыгерей Құбашевты жоғары марапаттарымен құттықтап, ұжым атынан дендеріне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз. 

Амангелді Сүлейменов, «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы
Лұқпан Бисалиев, «Қарсақ» мұнайгаз өндіру цехының бастығы

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх