№2 МГӨБ бастауыш партия ұйымы – үздіктер қатарында

№2 МГӨБ бастауыш партия ұйымы – үздіктер қатарында
27.12.2016
1265
Қызметкерлер

№2 МГӨБ бастауыш партия ұйымы – үздіктер қатарында

«Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде ең алдымен әрбір аймақта, әрбір ауылда, әрбір ұжымда жұмыс істейтін жергілікті бөлімшелердің тармақталған желісіне арқа сүйейді. Сондықтан бүгінгі таңда партия алдында барлық партиялық құрылымдардың, ең алдымен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын сапалы деңгейге көтеру міндеті тұр.

Осы бағытта биылғы жылы республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. 7 талап негізінде өткізілген республикалық байқауда бастауыш партия ұйымындағы жиналыстарының тұрақты түрде өткізілуі, партиялық жобаларды жүзеге асыруда ұйымдастырған шаралары, қайырымдылық көрсетудегі белсенділігі, жастармен жұмысты жүргізуі, партия мүшелерінің көптігі мен партиялық жарналарды уақытылы толықтай аударылуы және т.б. бойынша Жаңаөзен қалалық партия филиалының құрамындағы № 2 Мұнай-газ өндіру басқармасының бастауыш партия ұйымы ІІІ-санат бойынша (500 және одан да астам партия мүшесі бар бастауыш партия ұйымдары арасында) ІІІ-орынға  және 150 000 теңгенің сертификатына ие болды. Астана қаласы партияның Орталық Аппаратының ғимаратында өткен марапаттау рәсіміне бастауыш партия ұйымының төрағасы Гайдар Каналиев қатысып келді.
Республика бойынша «Нұр Отан» партиясының құрамындағы 6 000 бастауыш партия ұйымдарының арасынан ІІІ-орынға ие болып отырғанымызға қуаныштымын. Бұл біздің ұжымның ауызбіршілігі мен бірлескен жұмысымыздың жемісі деп білемін. Біз жыл бойына партияның жобалары аясында әр түрлі деңгейдегі шараларды ұйымдастырдық. Атап айтсақ: «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясына қатысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмектесіп, «Ұлы дала елі» жобасы шеңберінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында  қыз-келіншектер арасында байқау, ер азаматтар арасында спорттық ойындар, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасы аясында дөңгелек үстел, жиналыстар және «Жастар Отанға» жобасы бойынша жастармен әртүрлі шаралар өткіздік. Өздеріңізге мәлім болғандай, әрбір ұжым мүшесінің жоғарғы жауапкершілігі мен белсенділігінің арқасында біздің бастауыш партия ұйымы республикалық байқауда жеңімпаздар қатарынан көрінді деп есептеймін. Бұл жетістікке жетуде бастауыш партия ұйымының барлық жұмыстарын ұйымдастырып отырған БПҰ хатшысы Жұлдыз Мұханбетқалиқызының еңбегі орасан зор екендігін атап өткім келеді, – дейді БПҰ төрағасы Г.Каналиев.
Бұған дейін де аталған байқаудың қалалық және облыстық кезеңдерінде І орынға ие болған № 2 Мұнай-газ өндіру басқармасы негізгі саласы өндіріс болса да, Елбасы саясатын жүзеге асыруда өз үлестерін қосып келеді. Бұл бастауыш партия ұйымындағы жауапты тұлғалардың азаматтық белсенділігінің көрінісі екендігі баршамызға мәлім.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх