Елге сүйіспеншілік бала кезден басталады

Елге сүйіспеншілік бала кезден басталады
27.12.2016
379
Әлеумет

Елге сүйіспеншілік бала кезден басталады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС Жас мамандары, Серіктестіктің директоры Дүйсен Медеуовтің қолдауымен жұмысшылар балалары арасында «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыбында сурет салу байқауын өткізді. 

Шара мақсаты – балаларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті және махаббатты одан әрі ояту, ұлттық бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу. Байқауға 17 бала белсенді қатысты. Балалар тәуелсіз елді бала көңілімен, Астананың символына айналған «Бәйтерек»-ті, Алтын адам ескерткішін, Ақорданы, Қазақтың кең байтақ жерін картамен салып, ондағы көптеген ұлттың татулықта, бірлікте өмір сүріп жатырғанын бір ғана суретпен жеткізе білді. Байқауға қатысқан әр бала бірінші орынға лайықты болғандықтан, балалардың еңбектері еленіп, барлық балаларға сурет салу өнерін дамыту үшін сурет салуға арналған құрал-жабдықтар сыйға тартылды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх