Қазақстан аруы – мұнайшының қызы!

Қазақстан аруы – мұнайшының қызы!
27.12.2016
272
Әлеумет

Қазақстан аруы – мұнайшының қызы!

Биыл «Қазақстан аруы-2016» сұлулық байқауының бас жүлдесі қызылордалық Гүлбану Әзімханға бұйырды. Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылар арасында топ жарған ару «Қазгермұнай» компаниясының мұнай дайындау және айдау бөлімінің жетекші технологы Құдияров Ғани Әзімханұлының қызы.

Гүлбану Әзімхан – Қызылорда медициналық колледжінің мейірбике ісі мамандығының 4-курс студенті. Ол Қазақстанның 18 қаласынан қатысқан 24 қарсыласынан басым түсіп, «Қазақстан аруы-2016» атағымен бірге 2017 жылы өтетін «Әлем аруы» байқауына жолдама алды. Қараша айында «Қызылорда аруы-2016» байқауында бас жүлдемен бірге, «Интеллект аруы» аталымын жеңіп алған еді.  
Әкесі Құдияров Ғани «Қазгермұнай» компаниясында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады, төрт баланың әкесі. «Қызым алғаш «Қызылорда аруы-2016» байқауына қатысамын дегенде, отбасымызбен бір ауыздан қолдадық, бағын сынап көрсін дедім. Сеніміміз ақталды, балаларымыздың жетістікке жетіп, қуантып жатса, ата-анаға содан артық бақыт бар ма?», – дейді Ғ.Құдияров.
«Жеңемін деп үміттендім. Мұндай сайысқа қатысып, топ жару бала күнгі арманым болатын. Бүгін сол арманыма қол жеткізгеніме қуаныштымын. Сенім білдіріп қолдаған барша Қазақ еліне, әкемнің ұжымына үлкен рахметімді айтамын. Алдағы уақытта оқуымды бітіріп алсам, келер жылы өтетін әлем аруы сайысынан бас жүлдемен оралсам деп ойлаймын», – дейді Гүлбану Әзімхан.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх