«Қаражанбасмұнай» АҚ – жүлдегер!

«Қаражанбасмұнай» АҚ – жүлдегер!
27.12.2016
379
Қызметкерлер

«Қаражанбасмұнай» АҚ – жүлдегер!

Компания облыстық «Жастармен жұмыс жөніндегі үздік кәсіпорын – 2016» байқауының жеңімпазы!

7 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Жас тұлпар–2016» облыстық жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шара аясында «Жастармен жұмыс жөніндегі үздік кәсіпорын – 2016» байқауы қорытындыланды. Оны Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Луара» қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын. Бес аталым бойынша өткізілген байқаудың басты мақсаты – облыс кәсіпорындарының жас мамандармен жұмыс тәжірибесін таратуына, жұмысшы жастардың еңбек ұжымындағы рөлі мен орнын нығайтуына жәрдемдесу.
«Қаражанбасмұнай» АҚ «Жастар инновациясын жоғары деңгейде қолдау» аталымында жеңіске жетті. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Әміржановтың қолы қойылған дипломды Компания вице-президенті Р.Мақашевке Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы М.Молдағұлов тапсырды.
– Ағымдағы экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, «Қаражанбасмұнай» Компаниясы әрдайым жас мамандармен жұмысқа ерекше назар аударып келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. Біз белсенді жастардың шығармашылық бастамаларын ғана емес, сонымен бірге, олардың өнертапқыштық ұсыныстарын да қолдап келеміз. Осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарымыздың нәтижесінің бірі – жас жұмыскерлеріміздің биылғы жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жас мамандарының инновациялық байқауында 1, 2-орындарды иеленуі, – деп атап өтті Р.Мақашев.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх