«Қазгермұнай» көмегімен жаңа нысан салынды

«Қазгермұнай» көмегімен жаңа нысан салынды
27.12.2016
384
Әлеумет

«Қазгермұнай» көмегімен жаңа нысан салынды

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, 13 желтоқсанда Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылында «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен салынған жүйке аурулары интернаты ашылды. Интернаттың ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов қатысты.

Интернаттың ашылу салтанатында жоба демеушілерінің атынан – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Медет Кәрім сөз сөйледі. «Бүгінгі күнге дейін «Қазгермұнай» компаниясы мұз айдыны, ипподром, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы демалыс орнын қайта жаңғыртуға, қалалық мектептерге спорттық алаңдар орнатуға демеушілік көмек көрсетті. Бүгін пайдалануға берілген 300 орындық жүйке аурулары интернатының құрылысын толық аяқтауды «Қазгермұнай» компаниясы өз мойнына алып, интернат үйінің ашылуына өз үлесін қосып отыр. Интернатты негізгі мақсаты: психикалық жағынан сырқат жандарға білікті және арнайы мамандар көмек көрсетеді. Емделушілердің ауруына шипа болып, септігін тигізіп жатырса, біздің мақсатымыздың орындалғаны, – деді компания басшысы Медет Кәрім. Сонымен бірге Сыр өңірінің өсіп-өркендеуі жолында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен, ұсыныстарын қолдап келе жатқан еншілес ұйым «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ директоры Қ.Есқазиев пен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның директоры Фан Цзячжунға да алғысын жеткізді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх