Жақсылық жасай жүріңіз!

Жақсылық жасай жүріңіз!
09.12.2016
363
Әлеумет

Жақсылық жасай жүріңіз!

Сыр өңіріндегі «Қазгермұнай» БК» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін лайықты деңгейде атқарып келеді. Ынтымағы жарасқан ұжым негізгі қызметпен қатар әлеуметтік көмек көрсету шараларына да ұдайы көңіл бөліп, нақты жұмыстарды атқаруда. 

Жуырда «Қазгермұнай» компаниясының басшылығы «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде арнайы болып, өз көмектерін көрсетті. Қызылорда облысы бойынша «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің негізі» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспарына сәйкес «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Қайырымдылық акциясында Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақов пен «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының жалпы істер жөніндегі орынбасары Айтбай Көшербаев орталық тұрғындарын құттықтады. Тәуелсіздік – барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық, бүкіл қазақстандықтардың жүрегінен орын алған ұғым, еліміздің дамуының, бүгінге дейінгі жеткен жетістігіміздің негізі екендігін атап өтті.
Қарттармен тілдескен «Қазгермұнай» басшылығы оларға азық-түлік, кілем, төсеніштер сыйға тартып, көңілдерін аулауды да ұмытқан жоқ. 
Бұдан кейін компания өкілдері қаладағы оңалту орталығында болды. №1 Облыстық орталық оңалту орталығы 2005 жылы 1 маусымда облыс әкімінің шешімімен ашылған. Қызылорда облысы бойынша барлық аудандарды қамтитын бұл орталықта даун синдромы, ақыл-ойы тежелген, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім балалар тәрбиеленеді. Оңалту орталығында психолог, әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед және педагог ұйымдастырушылар балалармен жеке және топтық негізде жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге дейін орталықтан 2200 бала тәрбиеленіп шықты.
Үнемі игі істердің басы-қасында жүретін «Қазгермұнай» компаниясы осы орталық ашылған уақыттан бастап, 11 жылдан бері тығыз байланыста болып, қолынан келген көмегін көрсетіп, ықыласқа бөленіп келеді. Жыл сайын дидактикалық ойындармен, ойыншықтармен, тұрмыстық жабдықтар, киім-кешектер және жаңа жыл мерекесінде балаларға жаңа жылдық тәттілер сыйлап  қуантады. 
Осы жолы компания басшылығы орталыққа компьютер әкеліп табыстады және балаларға тәттілермен бірге кеңсе тауарларын таратты. Қарттар мен қоғамдағы мейірімге зәру адамдарға көрсетілетін құрмет мұнымен тоқтап қалмақ емес. «Қазгермұнай» басшылығы алдағы уақытта да іргелі істердің ұйытқысы болуды мақсат етіп отыр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх