Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналды
24.11.2016
320
Әлеумет

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Компанияның еншілес мекемелерінің әлеуметтік сала қызметкерлері қарашаның 15-17 күндері Астанада өткен семинар-кеңеске қатысты.

Аталған шара міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналды. Семинарға қатысушылар, сондай-ақ ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі, жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің сырқаттануы жағдайында ерікті сақтандыру және өнеркәсіптік медицина мәселелері бойынша ақпараттармен танысты. Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Атамекен»ҰКП, «Казахинстрах» АҚ, «Медикер» ЖШС өкілдері қатысып, баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес мекемелерінің қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларымен, 2015 жылдың 16 қарашасында қабылданған «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен танысты. 
Семинарға қатысушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі, сақтандырылған тұлғаның Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан қорғалуы, жеке меншіктегі медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіндегі сатып алуларға қатысуы, ерікті медициналық сақтандырудың одан әрі дамуына қатысты сұрақтарға айрықша көңіл бөлді. Сондай-ақ семинар-кеңеске қатысушылар ҚМГ БӨ еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп отыруына тілек білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх