«ТКБжҰҚК» сапа көшбасшысы!

«ТКБжҰҚК» сапа көшбасшысы!
24.11.2016
481
Өндіріс

«ТКБжҰҚК» сапа көшбасшысы!

Осы жылдың 9 қарашасында Бүкіләлемдік сапа күніне орай Астана қаласында өткен семинар аясында «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Сапа көшбасшысы 2016» марапатына ие болды. Сонымен қатар, қызметі мен Қазақстандағы сапаның дамуына жалпы үлесі үшін ерекше алғыс хатымен марапатталды.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалы ұйымдастырған іс-шараға сапа саласындағы жетістіктері үшін биылғы жылы үздік деп танылған Қазақстан Республикасының аумағындағы атақты кәсіпорындар мен ұйымдардардың өкілдері қатысты. Сертификаттау саласындағы мамандар, сондай-ақ шақырылған қонақтар баяндама жасады. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен 1989 жылдан бастап Еуропалық сапа ұйымы атап өтетін «Сапа – нәтижелер үшін!» ұранымен жыл сайынғы сапа аптасы биылғы жылы 9-13-қараша күндері аралығында өтті. Марапат құтты болсын!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх