Мұрат Қожабергенов 2016 жылдың үздік инженері!

Мұрат Қожабергенов  2016 жылдың үздік инженері!
24.11.2016
247
Қызметкерлер

Мұрат Қожабергенов 2016 жылдың үздік инженері!

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы ұйымдастырған «2016 жылдың үздік инженері» байқауының алтын медаль жүлдесін «Өзенмұнайгаз» АҚ,  №1 МГӨБ басқармасының жетекші инженері Мұрат Қожабергенов иеленді.

Әріптесіміз 14 номинация бойынша республика көлемінде сайысқа түскен 200 үміткердің ішінен айрықша көзге түсіп, мұнай саласы бойынша үздік атанды. «Зертханалық әдісте жерасты қойнауындағы қалдық мұнайды шығарудың жаңа тәсілдері мен технологиялары» тақырыбындағы жұмысын ұсынып, жеңіске жетті.
Мұрат Мұқанұлы ұсынған бұл технологияны Қазақстан мен Ресейдің бірқатар кенорындары іске асыруда. 
Мұрат Қожабергенов техника ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдан бері «Өзенмұнайгаз» АҚ-да жұмыс істейді. 2003-2006 жылдары Мәскеудегі И.М.Губкин атындағы Мұнай және газ университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Бүгінде аталған оқу орнында докторантурада оқиды. Оның ғылыммен айналысып, жарыққа шығарған еңбектері байқау комиссиясының назарына ілініп, жоғары бағаға ие болып отыр. «Қазақстан бойынша өткізілген ауқымды байқаудан жүлдегер атанып, алтын медаль және дипломмен марапатталғаныма өте қуаныштымын. Менің байқауға қатысуыма үлкен мүмкіндік тудырғаны үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасановқа, ҚМГ БӨ бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қайырбек Елеусіновке, Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры Жанболат Саймағанбетовке және  №1 МГӨБ директоры Бекболат Нұрлыбаевқа айтар алғысымыз шексіз! Мұндай сайыстарға қатысып, жеңіске жету жастарға үлкен жігер береді», – дейді Мұрат Қожабергенов. 
Әріптесімізді жеңісімен, мұнай саласын дамытуға қосып отырған табысты еңбегімен шын жүректен құттықтаймыз! Мақсаттарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх