«ҚМГ Алтын ережелері»

«ҚМГ Алтын ережелері»
11.11.2016
1396
Еңбекті қорғау

«ҚМГ Алтын ережелері»

Жұмысқа дайын болу

ҚМГ-дың негізгі қағидаларының бірі жұмыс орындарында салауатты өмір салтын қолдау, сонымен бірге қызметкерлердің денсаулығына өндірістік жұмыстардан қандай да бір кері зардаптарды болдырмауды қамтамасыз ету.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Өзінің басшысына жұмысты бастар алдында қатты күйзеліс немесе ағзаның шаршауымен байланысты, денсаулыққа қатысты қандай да бір проблемалардың бар екендігін, яғни сіз жұмыс жасауға қабілетсіз (дайын емес) екендігіңіз жөнінде хабар беру.
► Сіздің жұмысыңызға әсер етуі мүмкін, тұтынып жүрген дәрі-дәрмектер жөнінде өзіңіздің басшыңызға хабарлау. Күдіктенген жағдайда медициналық қызметкермен кеңес жүргізу қажет.
► Дірілдеуші құралдардың шектен тыс қатты дірілі әсерлерінен аулақ болу, ұзақ уақыт бойы шулы немесе шектен тыс шулы жерлерде болмауға тырысу, мерзімді түрде демалып отыру, профилактикалық процедураларды жүргізу және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.
► Экстремалды ауа-райы жағдайлары әсерлерінен аулақ болу. Жұмыс сағаттарын, қорғаныс кедергілерін (бөгеттер) және жеке қорғаныс құралдарын есепке алу.
► Алкогольдік, есірткілік және психотроптық заттарды таратпау, сатпау, сақтамау және оларды тұтынбау.
► Егер сіз алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтынудың куәгері болсаңыз, іске араласыңыз және ескертулер жасаңыз.

Көлікті жүргізу кезіндегі қауіпсіздік

Көлік құралдарын жүргізу кезінде қауіпсіздік туралы ескертпені ешқашан ұмытпаңыз.
БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ КЕЛЕСІ ТӘРТІПТЕР САҚТАЛУЫ ТИІС:
► Көлік құралдары рейс алдындағы тексеруден және мерзімді техникалық қызмет көрсетулерден өткізілген болуы керек.
► Жолаушылар саны мен тасымалданатын жүктердің сипаттары көлік құралдарын өндіруші-зауыттың техникалық шарттарына сәйкес келуі қажет.
► Жүргізуші рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен, алкоголь, есірткі және психотроптық заттар немесе медициналық препараттар әсерлерінде жүрген жоқ және шаршау белгілері жоқ болуы керек.
► Қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған, олар пайдалануға дайын және жүру кезінде жүргізуші мен барлық жолаушылар белдікті тағып алуы тиіс.
► Көлік құралдарын басқару уақытында жол қозғалысы жылдамдығын және ауа-райының жағдайларын назарда ұстаңыз.
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУ КЕЗІНДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
► Ұялы байланыс құралдарын (ұялы телефон, пейджер т.с.с) пайдалану.
► Бекітілген жүру жылдамдығын асыру.
► Өшіріліп тұрған жақын жарық фаралары немесе күндіз жүру оттарымен басқару.

Қауіптілігі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсат

Қауіптілігі жоғары жұмыстар тек қолданыстағы наряд-рұқсаттармен ғана жүргізілуі тиіс. Наряд-рұқсат сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажетті әрекеттерді сипаттайды.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Наряд-рұқсат мазмұнын түсіну және олардың талаптарын орындау.
► Наряд-рұқсаттың әрекет ету мерзімінің өтіп кетпегендігіне көз жеткізу.
► Жұмыстарды орындауға арналған барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы жұмыстарды орындауға жауапты немесе тікелей басшылықтан растамалар алу.
ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА НЕМЕСЕ ЖЕТЕКШІЛЕР МІНДЕТТі:
► Орындалатын жұмысқа наряд-рұқсаттар қажет етілетіндгіне көз жеткізу.
► Жұмысты бастар алдында жұмыс орнының тексерілгендігіне көз жеткізу.
► Орындалатын жұмыстың қауіпсіздігін наряд-рұқсат қалай қамтамасыз ететіндігін түсіндіру.
► Наряд-рұқсатқа қол қойылғандығына көз жеткізу.
► Жұмысты қауіпсіз жүргізуге көз жеткізу.
► Тапсырмалар мен жағдайлары өзгерген кезде жаңа наряд-рұқсатты алу.
► Жұмыстардың аяқталғандығына көз жеткізу.

Энергия көздерін оқшаулау

Энергия көздерінің кез келген түрлерінің (электрлік, термикалық, гидравликалық, пневматикалық, механикалық т.с.с.) әсерлерінде тұратын жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында барлық энергия көздерінің оқшауландырылғандығына көз жеткізу қажет және міндетті түрде жеке қорғаныс құралдары мен қорғаушы жабдықтарды пайдалану қажет.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Әрбір нақты жағдайларда қандай қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттіліктерін түсіну.
► Қондырғыларды блоктау және қажетті ажыратуларды орындау үшін өндіріс жұмыстарына жауапты тұлғадан немесе тікелей басшылықтан растамаларды алу.
► Жұмыстарды орындауға арналған қауіпсіздіктер бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдау туралы өндіріс жұмыстарына жауапты тұлғадан немесе тікелей басшылықтан растамаларды алу.
ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ҮШІН ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА МЕН ЖЕТЕКШІ МЫНАЛАРҒА МІНДЕТТі:
► Барлық энергия көздерінің ажыратылғандығына, ажырату нүктелеріндегі ескерту кестелерімен бірге сәйкес блоктаулардың қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізу.
► Қалдық энергиялардың болмауына көз жеткізу.
► Жұмысты қауіпсіз жүргізуге көз жеткізу.
Жабдықтардағы барлық жұмыстарды толық орындағанға дейін энергия көздеріне жабдықтарды қосуға және ескерту белгілерін, блоктауларды алып тастауға (ажыратуға) тыйым салынады.

Тұйық кеңістікте жұмыс жасау

Тұйық кеңістік – бұл барлық жағынан тұйықталған, кірулер мен шығулар қиындатылған немесе шектелген және олар арқылы жылдам өтуге кедергілер бар орындар. Мәселен: резервуарлар, сыйымдылықтар немесе құбыр желілері. Тұйық кеңістікте жарылысқа қауіпті, улы газ немесе басқа да қауіпті заттар, сүріну және құлау қауіптерін күшейтетін заттар кездеседі, оттегінің мүлде аз деңгейде болуы. Тұйық кеңістікте өндірістік жұмыстарды бастардың алдында наряд-рұқсатты рәсімдеу қажет.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Жұмыстарды орындауға жауапты тұлғадан немесе тікелей басшылықтан жұмыстарды орындауға арналған барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы растамалар алуға.
► Жұмысты орындаушыдан, сіз тұйық кеңістікке кіре алатындығыңыз туралы растама алуға.
► Наряд-рұқсатта көрсетілген барлық талаптарды сақтауға.
Жұмысты орындаушылар міндетті:
► Тұйық кеңістікке кіруге рұқсат беруге және бақылауға.
► Тұйық кеңістіктегі қызметкермен байланыс құралдарының болуы.
Жұмыстарды орындауға жауапты тұлға мен жетекшілер міндетті:
► Наряд-рұқсатта көрсетілген талаптардың сол орындарда қолданылғандығына көз жеткізу.
► Газды ортаға талдау жүргізілгендігіне және ол наряд-рұқсатта көрсетілгендігіне көз жеткізу.
► Жұмыстарды орындау қауіпсіз екендігіне көз жеткізу.

Қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтар

Қызметкерлер қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтардан қауіпсіз арақашықтықта тұрулары қажет. «Қауіпті аумақта» жұмыс жүргізу, қысым үстіндегі жабдықтардың (мәселен, айналып тұратын механизмдер, қысым үстінде жұмыс жасайтын жабдықтар немесе электрлік құралдар) немесе қозғалатын жабдықтардың (мәселен, крандар мен басқа да көлік құралдары) қасында болу қауіпті болып табылады.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Тікелей басшымен немесе жұмыстарды орындауға жауапты тұлғамен бірге барлық қажетті сақтық шаралары нақтыланғандығына көз жеткізу.
► Жабдықтардың жұмыстары үшін жауапты немесе белгі берушінің нұсқаулықтарын орындау.
► Кіруге шектеулі аумақтарға кіру және ол жерде жұмыс жүргізу қауіпсіз екендігіне жауапты тұлғалардан растамалар алу.
► Қозғалатын көлік құралының жүргізушісі сізді көріп тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Жұмыстарды орындауға жауапты тұлға мен жетекшілер міндетті:
► Қауіпті аумаққа кіру кезінде шектеулер мен кедергілердің қойылғандығына, ақпараттық кестелердің орнатылғандығына көз жеткізу.
► Уәкілетті қызметкерлердің ғана шектеулі аумақта жұмыс жасайтындығына көз жеткізу.
► Қызметкерлер арасындағы белгі беру құралдары мен  байланыс әдістері келісілгендігіне және олар әрқайсысына түсінікті екендігіне көз жеткізу.
► Жұмыс аумағының жеткілікті деңгейде жарықтандырылуына және қызметкерлерді арнайы киімі арқылы барынша жылдам тану мүмкіндіктерінің жеткілікті болуына көз жеткізу.

Биіктікте жұмыс жасау

Биіктікте жұмыс жасау кезінде құлап кетуден қорғау үшін тиісті шараларды қабылдау қажет. Қауіпсіздік мақсаттары ретінде 1,3 метрден артық биіктіктен құлау қауіптері бар, қорғалған аумақтардан тыс жерде жұмыс жүргізу кезінде құлаудан қорғайтын қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Қорғалатын аумақтарға құрылыс ағаштары, таянышты сатылар мен бесікшелі көтергіштер кіреді.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Қорғалған аумақтар аясынан тыс биіктіктегі жұмыстарға рұқсаттар алу.
► Жоғарыда жұмыс жасау кезінде сақтандыру жабдықтарының түрлерін білу және оларды пайдалана білу.
► Жабдықтарды пайдаланар алдында тексеру.
► Қорғалған аумақтар аясынан тыс биіктіктегі жұмыстар кезінде әрқашан қауіпсіздік белбеуін тағып жүру.
Жұмыстарды орындауға жауапты тұлға мен жетекшілер міндетті:
► Биіктікте жасалатын жұмыстарды орындауға қауіпсіз екендігіне көз жеткізу.

Жүк көтеру жұмыстары

Крандарды, жүкшығарларды, механикалық көтергіш қондырғыларды, жүкті қармаушы тетіктерді қолданатын жүк көтергіш жұмыстар жарақат алуға қауіпті жабдықтар болып табылады.

Барлық қызметкерлер міндетті:
► Жүк көтергіш жабдықтар мен көтеру әдістерімен жүргізілетін жұмыстардың  қауіптерін бағалауды  уәкілетті тұлғаның жүргізгендігіне көз жеткізу.
► Жұмысты жүргізушілердің (кран операторлары, арқандаушы т.б.) біліктіліктері жетілдірілген және оқытылған болуы.
► Жүк көтергіш жабдықтардың және механизмдердің техникалық ақаусыз, тексерілгендігіне және пайдалануға рұқсат етілгендігіне көз жеткізу.
► Жүк көтергіш және жүк қармағыш жабдықтардың жүктемелері рұқсат етілген мөлшерден жүктің салмағы аспайтындығына көз жеткізу.
► Жүк көтергіш жабдықтарға барлық қауіпсіздік қондырғыларының орнатылғандығына, олардың дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу.
► Жүк көтергіш және жүк қармағыш жабдықтармен әрбір жүк көтеру операцияларын орындау алдында жалпы шолулық тексерулерді жүргізу.
► Тек белгі беретін жилеттерде ғана жүк арқандау жұмыстарын жүргізу;
► Жұмыс жасайтын аумақтар қоршалған болу керек және барлық қажетті белгілер қойылғандығына көз жеткізу.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх