Бильярдтан үздік ойын көрсетті

Бильярдтан үздік ойын көрсетті
11.11.2016
226
Қызметкерлер

Бильярдтан үздік ойын көрсетті

Биылғы жылы қыркүйекте Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ деңгейінде өткен  мұнай-газ қызметкерлерінің спартакиадасында «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары біраз жүлделі орындар иеленген еді. 500-ден астам мұнайшы-спортшылар қатысқан дүбірлі додада  бильярдтан өзенмұнайгаздық команда жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлап, компания мәртебесін көтеріп тастаған болатын.

Команда мүшелері Саясат Әмитов (№4 МГӨБ), Ержан Боранбаев (БЖБ), Әскер Боранбаев («ӨзенМұнайСервис» ЖШС) бильярд ойнының адамдардың көңіл-күйін көтеріп, бір-бірімен тез тіл табысып, араласуына көмектесетіндігін айтады.
Олар спартакиадада өздеріне маңғыстау-мұнайгаздықтардың мықты қарсылас болғандығын алға тартады. Мұнайшылар компания жұмыскерлері арасындағы өзара татулық пен достықты күшейтетін маңызды шараны ұйымдастырған басшылыққа шексіз алғыстарын білдіреді. Спорт бойды да, ойды да сергітеді. Жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады. Мұнайшылар Жаңаөзен қаласында бильярд ойынының дамуына көңіл бөлінсе деген ниеттерін де жеткізіп отыр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх