Қауіпсіздікті сақтау – басты міндет!

Қауіпсіздікті сақтау – басты міндет!
28.10.2016
421
Еңбекті қорғау

Қауіпсіздікті сақтау – басты міндет!

Еңбек және техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау – жұмыскер және өндіріс үшін өте маңызды. Өндіріс талаптарын сақтай отырып, біз қауіп-қатердің алдын аламыз. Ал бұл саладағы білім мен тәжірибемізді ұдайы шыңдап отыру тек пайдасын тигізетіні сөзсіз.

Осы жылдың қыркүйек айында «Өзенмұнайгаз» АҚ, №4 Мұнайгаз өндіру басқармасында «№4 МГӨБ қарасты №4 МГӨЦ, №30 ТҚ технологиялық қондырғының флянец арқылы жалғанған жерінен газ жіберу, ары қарай өртке ұласуы» тақырыбы бойынша оқу-жаттығу шарасы өткізілді.

Аталмыш топтық қондырғының операторы Е.Жаңабаев технологиялық қондырғының флянец жалғанған жерінен газ жіберіп, әрі қарай өртке ұласқанын байқаған бойда, №30 ТҚ шеберінің у.м.а. Н.Олжаев пен №4 МГӨЦ пультті басқару операторы Н.Есенжановаға орын алған апатты жағдай туралы хабарлады. Өз кезегінде пультті басқару операторы №4 МГӨБ ОИТҚ аға үйлестірушісі Г.Дүйсенғалиеваға, цех бастығының у.м.а. Н.Бимағанбетовке және «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-нің басқармаға қарасты бөлімшесіне апатты жағдай туралы хабарлады. Өрт сөндірушілер келгенше, топтық қондырғы операторы Е.Жаңабаев алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіруге әрекет жасады. Хабар жетісімен 10 минуттан соң арнайы техникасымен келген өрт сөндірушілер бригадасы жедел түрде өрт сөндіруге кірісіп кетті.
Осы уақытта топтық қондырғы шеберінің у.м.а. Н.Олжаев №4 МГӨЦ пультті басқару операторы Н.Есенжановаға телефон соғып, дәнекерлеу агрегатына сұраныс берді. Өрт сөндіріліп, апат орны ретке келтірілген соң, дәнекерлеу бригадасы жарылған құбырды дәнекерледі. Дәнекерлеу жұмыстары аяқталған соң, №4 МГӨЦ бастығының у.м.а. Н.Бимағанбетов бақылау комиссиясының төрағасына жаттығу бойынша болған апаттың толықтай жойылғанын мәлімдеді. 
Оқу-жаттығу соңында №4 МГӨБ бас инженері М.Жарылгасинов пен бас техникалық жетекшісі М.Нысанбаев апаттық оқу-жаттығу шарасына белсенді қатысқан цех қызметкерлері мен өрт сөндіруші бригадасына алғысын білдіріп, шараға «қанағаттандырарлық» деген баға берді.

Өтеген Ибрагимов, «Өзенмұнайгаз» АҚ, ЕҚжӨҚД директоры

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх