«Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

«Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
28.10.2016
432
Қызметкерлер

«Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

12 қазан күні Ақтау қаласында 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің жиналысы өтті. 

Жиналыста «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Бекзат Қалышпекұлы Абайылданов «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 
Сонымен қатар, 16-17 қазан күндері Бекзат Абайылданов Өзен кенорнында іс-сапарда болды. Өндірістік-құрылымдық басқармаларда болған Б.Абайылданов ағымдағы өндірістік мәселелерді талқылап, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Анықтама
Бекзат Абайылданов Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін, Египеттегі Халықаралық университетті (маркетинг және менеджмент негіздері), И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай газ институтын тәмамдаған. «Каспий Нефть» АҚ, «Матин» БК» ЖШС, «Арнаойл» ЖШС  бас директоры, «Өзенмұнайгаз» ӨФ Қаржы департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, бірқатар ғылыми еңбектердің авторы.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх