«ӨзенМұнайСервис» ЖШС жаңа қарқынмен жұмысын жалғастыруда

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС жаңа қарқынмен жұмысын жалғастыруда
28.10.2016
402
Қызметкерлер

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС жаңа қарқынмен жұмысын жалғастыруда

«Жөндеу» ЖШС және «КРУЗ» ЖШС екі мекеме осы жылдың қазан айының 1-і күні ресми түрде бірігіп, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС болып құрылып, өз қызметін сәтті жалғастыруда.

Серіктестікте бүгінгі күні 1368 қызметкер еңбек етеді. Мекеме ұңғыларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметімен айналысады. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры болып Нұрсейт Союнов тағайындалды. Жаңа мекеме басшылары еңбек бригадаларын аралап, жұмысшылармен және өндіріс ахуалымен жан-жақты танысып жатыр. Жұмысшылар да өз кезегінде көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісінше жауаптарын алуда. Қасиетті Маңғыстау өңірі мұнайымен танылған өлке. Ертеректе ата-бабаларымыз «қара алтынды» қауғамен тартып, түйемен тасымалдап, білектің күшімен еңбек етті. «Елу жылда ел жаңа» деген, бүгінгі буын мұнай саласында техника және технология көмегімен бабалар салып кеткен сара жолды лайықты жалғастыруда. 
Мұнайшылардың қолайлы еңбек етуі үшін барынша мүмкіндіктер жасалған. Мекеме мұнайшылардың кәсіби біліктілігін арттыруда әртүрлі тақырыпта оқулар жүргізіп отырады. Мұнайшылардың ауысыммен жұмыс жасауы, еңбек демалысында демалуы, сондай-ақ олардың балаларының жазғы лагерьлерге баруы алдын ала реттеліп отырады. 
«Жаңа мекемеде – жаңа бастама» – деп серіктестік жанынан құрылған «Жас мамандар кеңесі» де өндірістік және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуда. Жас мамандар кеңесінің төрағасы А.Усеровтің айтуынша, Жас мамандар кеңесі жаңа серіктестікке «Біз біргеміз» тақырыбында жаңа Әнұран дайындап жазды. Жақын арада мекеме ішіндегі тақтада ілінеді. Өз жұмысын жаңа деңгейде бастаған «ӨзенМұнайСервис» ЖШС алар асулары, бағындырар белестері зор болсын. 

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх