«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мұнайшылары үздіктер сапында!

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мұнайшылары үздіктер сапында!
18.10.2016
686
Қызметкерлер

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мұнайшылары үздіктер сапында!

Қазан айының 3-7 аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК акционерлік қоғамының Маңғыстау, Атырау облыстарындағы өндіріс ошақтарында «ҚазМұнайГаз» тобына қарайтын компания жұмысшыларының арасында «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқау «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорындарының алты өндіріс аумағында, атап айтқанда, «Маңғыстаумұнайгаз», «ҚазТрансОйл», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-де өтті. Аталған байқау кең көлемде жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналады.

Биылғы байқауға мұнай-газ кешенінің 36 кәсіп түрі бойынша еншілес кәсіпорындардан 3000-ға жуық жұмысшы қатысты. Ақтық байқаудың қорытынды бөлігінде 126 қатысушы негізгі және жанама кәсіп түрінен, атап айтқанда, химиялық талдау зертханашысы, жүк операторы, электрогазбен дәнекерлеуші, электромонтер, мұнай және газ өндіру операторы, қабат қысымын ұстау операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету операторы, көлік кранының машинисі, көлік жүргізушісі, цементтеу агрегатының моторист-машинисі, токарь, техникалық қондырғы операторы, техникалық сорап машинисі, ҰЖЖ бригадасы, ҰКЖ бригадасы, бұрғылау бригадасы, компрессорлық техника машинисінің майталмандары өз шеберліктерін сынға салды. Теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысында өндірістік нысандарда арнайы жабдықталған жұмыс алаңдары, бөлмелер, құрал саймандар мен жабдықтар дайындалды. Байқауға қатысушылар қойылған талаптар биігінен шығуға тырысты және сол деңгейден көрінді. Барлық жеңімпаздарды «ҚазМұнайГазға» қарасты кәсіпорын сарапшыларынан тұратын қазылар алқасы анықтады. 
7 қазан күні Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының қатысуымен жеңімпаздарды марапаттау, сайысты қорытындылау салтанатты жиыны өтті. Жеңімпаздар «Үздік маман» медалімен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі вице-президенті С.Әбденов жоғары нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларды құттықтай келе: 
– Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған кәсіби «Үздік маман» байқауында жеңіске жету үлкен жетістік деп білемін. Жоғары кәсіби шеберлік пен білімдеріңізді көрсету арқылы ел экономикасының маңызды саласы болып табылатын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның дамуы үшін өлшеусіз үлестеріңізді қосып жатырсыздар, – деді. 
Шеберлік байқауы әріптестік қарым-қатынасты нығайту, еңбек адамдарының біліктілігін көтеруге мейлінше ықпал етеді. 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік байқауында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қарасты компаниялар тобының мұнайшылары жеңіс тұғырынан көрініп, үздіктер қатарынан табылды. Тәжірибе мен теориялық сынақтардан сүрінбей өтіп, кәсіби шеберлік байқауында жоғары нәтиже көрсеткен «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамдарының және «Қазгермұнай» БК» ЖШС майталман мұнайшыларын, сондай-ақ сервистік компаниялардың үздік қызметкерлерін биік марапаттарымен құттықтаймыз. Еңбектеріңіздің жемісіне бөленіңіздер.

Оқырман назарына ҚМГ ҰК «Үздік маман-2016» байқауында жүлделі орындар алған әріптестеріміздің тізімін жариялап отырмыз.

«Мұнай және газ өндіру бойынша үздік оператор» аталымы:
1-орын – Ерболат Жұмағалиев, «Ембімұнайгаз»АҚ;
2-орын – Жанболат Дюсалиев, «Өзенмұнайгаз» АҚ;

«Қабат қысымын сақтау бойынша үздік оператор» аталымы:
1-орын – Асет Абижанов, «Қаражанбасмұнай» АҚ;
2-орын – Түгел Мұқатов, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС;

«Ұңғымаларды зерттеу бойынша үздік оператор» аталымы:
1-орын – Жұмабай Аманов, «Ембімұнайгаз» АҚ;
2-орын – Жәнібек Балмұхаммедов, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
3-орын – Сергей Рассоленко, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС;

«Техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша үздік слесарь» аталымы:
1-орын – Әлібек Қосжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
2-орын – Бауыржан Абубакиров, «ҚазГерМұнай»БК»ЖШС;

«Автомобиль кранының үздік машинисі» аталымы:
1-орын – Бахыт Кушкинбаев, «ArgymakTransService»ЖШС;
3-орын – Қаржаубай Лепесбаев, «Өзенмұнайгаз»АҚ;

«Үздік автомобиль жүргізуші» аталымы:
1-орын – Ертай Мауленбаев, «Өзенмұнайгаз»АҚ;
2-орын – Рубен Раваев, «ArgymakTransService» ЖШС;

«320-цементтеу агрегатының үздік моторист-машинисі» аталымы:
3-орын –
Ернар Акзамов, «ArgymakTransService» ЖШС;
Аманбек Өтебаев, «ArgymakTransService»ЖШС;

«Үздік тауар операторы» аталымы:
2-орын – Абылай Қалмағамбет, «Қаражанбасмұнай» АҚ;
3-орын – Бақытжан Нұрадинов, «ҚазГерМұнай»БК»ЖШС;

«Химиялық талдау бойынша үздік лаборант» аталымы:
2-орын – Рыскүл Өмірбекова, «Өзенмұнайгаз»АҚ;
3-орын – Ирина Сириченко, «ҚазГерМұнай»БК»ЖШС;

«КИПиА бойынша үздік слесарь» аталымы:
2-орын – Павел Метиков, «ҚазГерМұнай»БК»ЖШС;
3-орын – Мейірім Ахметұлы, «Өзенмұнайгаз»АҚ;

«Үздік электрогазбен дәнекерлеуші» аталымы:
2-орын – Саламат Инешов, «Қаражанбасмұнай»АҚ;
3-орын – Темирхан Аубакиров, «ҚазГерМұнай»БК» ЖШС; 

«Электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша үздікэлектромонтер» аталымы:
2-орын – Ізбасар Қазиев, «Өзенмұнайгаз»АҚ;

«Үздік токарь» аталымы:
1-орын – Байжан Даулов, «Өзенмұнайгаз»АҚ;
2-орын – Сарадин Жылыбаев, «ҚазГерМұнай»БК»ЖШС;

«ҰЖЖ үздік бригада» аталымы:
1-орын –
Ринат Сайын, «Өзенмұнайгаз»АҚ;
Мақсат Пасыров, «Өзенмұнайгаз» АҚ;
Еркінбек Дауленбаев, «Өзенмұнайгаз»АҚ;
3-орын –
Серік Шапағатов, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;
Ислам Ильясов, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;
Асылан Аяганов, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;

«Үздік бұрғылау бригадасы» аталымы:
2-орын –
Әбілқайыр Бақытжан, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;
Юрий Биалиев, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС 
Серік Байдуллин, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС 
Әсет Қойлыбаев, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;
Амандық Ермағамбетов, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;
Бахтияр Тажигулов, «ТұлпарМұнайСервис»ЖШС;

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх