Қайырымдылық марафоны ізгілікке үндейді

Қайырымдылық марафоны ізгілікке үндейді
30.09.2016
472
Әлеумет

Қайырымдылық марафоны ізгілікке үндейді

Қыркүйектің 4-і күні өткен «Астана-Марафон-2016» халықаралық қайырымдылық шарасына «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қызметкерлері де қатысып, ізгі іске үлестерін қосты. 

10, 21,1 және 42,2 шақырымдық бағыттарды 74 адамнан құралған біріккен команда команда жүгіріп өтті. Команда құрамында Қордың «ҚазМұнайГаз», «Қазпочта», «Қазақтелеком», «KEGOC», «Қазатомпром», «Самұрық-Энерго», Трансформация орталық командалары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Келісімшарт» және «Samruk-Kazyna Trust» компанияларының қызметкерлері болды. 

«ҚазМұнайГаз» БӨ» қызметкерлері атап айтқанда, ТПАБЖ және есептік жүйелер департаментінің аға инженері Ж.Жақашев, Барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі департаменттің жетекші маманы Д.Оразбаев, Маркетинг және мұнай сату департаментінің аға маманы Е.Сәбікенұлы, Қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаментінің жетекші талдаушысы А.Ли, Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары Н.Қалиев, Қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаментінің талдаушысы А.Қабдрашитов қайырымдылық шарасына қатысып, өз үлестерін қосты. 

Кең көлемдегі жарысқа әлем елдерінің 25 спортшысын қосқанда барлығы 4 500 адам қатысты. Қайырымдылық марафонының басты нәтижесі – салауатты өмір салтын насихаттау және көмекке мұқтаж жандарға қаражат жинау. Жиналған барлық қаражат «Қасиетті Жол», «SOS: Балалар қалашығы», «Аяла», «Аналар үйі», «BI Жұлдызай» қорлары мен «One Steppe Beyond» жобасына жолданады.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх