Қазгермұнай мұнайшылары алғысқа бөленді

Қазгермұнай мұнайшылары алғысқа бөленді
15.09.2016
302
Қызметкерлер

Қазгермұнай мұнайшылары алғысқа бөленді

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және компания басшылық өкілдері мұнайшылардың кәсіби мерекесіне орай «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Қазгермұнай» компанияларында арнайы сапармен болып,  еңбек ұжымдарын құттықтап, марапаттарды салтанатты жағдайда табыстады. 

Сапар Сыр өңірінен басталды. Тамыздың 31-і күні ҚМГ БӨ бас директоры «Қазгермұнай» БК» ЖШС-інде болды. Ақшабұлақ кенішінде және Қызылорда қаласында өткен салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Е.Ким қатысып, мұнайшыларды мерекемен құттықтап, «Қазгермұнай» компаниясының облыстың дамуына қосып отырған еңбегін ерекше атады. «Қалыптасып отырған күрделі жағдайға қарамастан компания негізгі қызметінің ешбір бағытын әлсіретпеді. Компания өз қызметінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басымдықты сала ретінде көретіні қуантады» деді облыс әкімінің орынбасары. 
Салтанатты жиында еңбегімен еленген сала қызметкерлеріне «KAZENERGY» Қауымдастығы және ҚМГ БӨ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. 

ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Қазгермұнай мұнайшыларын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қазгермұнай компаниясы бойынша бірлескен қызметтің тұрақты оң нәтижелеріне тоқталды. Осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай өндіру жоспарын асыра орындаған. Қ.Есқазиев қаржылық дағдарыс және мұнай бағасының төмендеуі қиын жағдайында саланың қиындықтарға қарсы тұра біліп, атқарып жатқан жемісті жұмысына, сондай-ақ компанияның өркендеуінде серіктес компания басшыларының өзара қарым-қатынастағы ынтымақтастығына  ризашылығын білдірді. ҚМГ БӨ басшысы ортақ істегі еңбек ұжымының үлесін айрықша атады. 

«Қазгермұнай» компаниясы Қызылорда облысының дамуына үлкен үлес қосып келеді.Тұрғындарды табиғи отынмен қамтамасыз етіп, әрбір үйге жылу сыйлап отыр. Қ.Есқазиев Қазгермұнай компаниясына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан облыс әкімшілігіне алғысын білдірді. Қызылорда қаласында өткен салтанатты шараға «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының президенті Фан Цзячжун қатысып, мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Медет Кәрім құттықтау сөзінде мұнайшылардың ерен еңбектеріне ерекше тоқталды. Осындай жылы тілектер «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ся Шицзюнь тарапынан да айтылды.

Марапатқа ие болған ҚГМ газ дайындау және тасымалдау бөлімшесінің операторы Қуат Башаров және химиялық талдау зертханашысы Ирина Сириченко және басқа да қызметкерлер компания тарапынан жасалып жатқан игіліктер мен көрсетіліп отырған қошеметтерге ризашылықтарын білдірді. Мұнайшылардың еңбектегі ғана  емес, спорттық сайыстардағы жеңістері үшін алған жүлделері де осы мерекелік шаралар аясында табысталды.

Кәсіби мереке күні қарсаңында көрерменге жол тартқан «Мұнайшыларға алғыс!» әнінің бейнебаянын сала қызметкерлері өте жылы ықыласпен қабылдады. Бұл мұнайшыларға жасалған ерекше тарту болды. Осы әннің дүниеге келуіне ұйытқы болған, идея авторы ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев екенін атап өткен ләзім. Мұнай сияқты ауыр саланың жүгін көтеріп, адал еңбектерімен елдің, экономиканың, әлеуметтің ахуалының жақсаруына үлестерін қосып жүрген «қара алтын» игерушілерге арналған ән жоқтың қасы болатын. Осылайша жаңа ән өмірге жолдама алды. Әнмен айтылған алғыс сала қызметкерлерінің еңбегін дәріптейді. Салтанатты шараларда әннің бейнебаяны көрсетілді. Сондай-ақ А.Жеменейдің өз орындауында болып, көрермен ілтипатына бөленді. Қазақстанның өзге де өнер шеберлері мерекелік шаралардың сәнін арттырып, мұнайшыларға жақсы көңіл күй сыйлады.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх