Еңбек адамына ерекше құрмет!

Еңбек адамына ерекше құрмет!
15.09.2016
555
Қызметкерлер

Еңбек адамына ерекше құрмет!

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Орталық аппаратында Компания  басшылығы «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік байқауының биылғы жеңімпаздарын салтанатты жағдайда марапаттады. Компания бас директоры Құрманғазы Есқазиев үздіктерді Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені күні кәсіби мерекесімен және еліміздің басты заңы – Конституция күнімен құттықтады.Салтанатты жиында байқау жеңімпазы болған 89 жұмыскерге «Үздік маман-2016» медалі табысталды.

«Біздің қызметкерлер, бұл байқауға жыл бойы жақсы дайындалады. Білімі мен тәжірибесін жетілдіріп, жұмысын жақсартуға тырысады. Себебі: бұл байқау, әр қызметкердің өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік береді. Мұнай-газ саласындағы жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтереді», – деді бас директор Қ.Есқазиев. Өздеріңізге белгілі, «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік байқауы мамырдың 25  мен тамыздың 19-ы күндері  аралығындағы кезеңде «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ,  «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС,  «Жөндеу» ЖШС,  «КРУЗ» ЖШС, «Argymak TransService» ЖШС мекемелерінде өтті. Байқау жеңімпаздары енді жекелеген мамандықтар бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ деңгейінде өтетін кәсіби шеберлік байқауына қатысады. ҚМГ БӨ басшысы бұл сайыстарға қатысушы қызметкерлерге сәттіліктер тіледі.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-інде жөндеуші болып еңбек ететін Бауыржан Әубәкіров пен мұнай өндіру операторы Алмас Оразбек ҚМГ БӨ компаниясының үздіктерді Астанаға шақырып, көрсетіп жатқан құрметтеріне ризашылықтарын білдірді. «Компанияның жұмысшыларды Астанаға шақырып, көңіл бөліп жатырғанына қуанып жатырмыз. Бұл еңбеккерлерге деген үлкен құрмет», – дейді мұнайшылар. «Ембімұнайэнерго» басқармасының электромонтері Нұржан Мұхамбетов, «Қаражанбасмұнай»АҚ дәнекерлеушісі Саламат Инешов, «Өзенмұнайгаз» АҚ 2-МГӨБ дәнекерлеушісі Кенжебай Қарақаев, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС тас қалаушысы Құрман Әшірбаев, «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС механик жөндеушісі Нұрсұлтан Алпысбаев, «Жөндеу» мекемесінің электригі Қуанышбек Қаржаубаев та осындай жылы пікірлерін білдірді. Үздіктерге Астананың көрікті жерлерін аралауға да мүмкіндік болды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх