Шағын футбол бірлікке шақырды

Шағын футбол бірлікке шақырды
29.07.2016
159
Әлеумет

Шағын футбол бірлікке шақырды

Ембілік мұнайшылар футбол десе ішкен асын жерге қояды. Әсіресе кен алаңдарындағы өндіріс жігіттері сондай спортқұмар. Оған бір жағынан кейбір кеніштерде футбол алаңдарының жасақталғаны да себеп болды. Енді «Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесінде қызмет жасайтын, яғни, орталық басқару аппараты қызметкерлері де шағын футболдан жарысуды бастады. 

Жуырда «Мұнайшы» спорт кешенінде бас кеңсе қызметкерлерінен құралған бес футбол командасы өзара сайысқа түсті. Яғни, 8 қабатты ғимараттың әр қабатынан ойыншылар санына қарай бес құрама команда құрылды. Барлығы 40 шақты мұнайшы алаңға шықты. Араларында бірді-екілі кәсіби бағытта ойнап жүргендер болмаса, көбісі қарапайым ойыншылар. Сөйтіп, көптен күткен ойын да басталды. Алғаш 1 және 6 қабат командалары өзара сайысып, таразы басын соңғылары салмақтады. Сөйтіп, келесі тізбектегілер ойын алмастырды. Жеребеге сәйкес барлық командалар ойнап шықты. Солайша үш сағаттан аса уақытқа созылған ойында бес команда да қақпаға доп салғызбауы үшін барын салып бақты. Бірақ гол салынды. Шынын айту керек, ойын өте қызықты өтті, арасында төреші шешіміне келіспеген талас-тартыс та, құлаған-жығылғандар да болды. Соған қарамастан ойын тоқтаған жоқ. Әр команда ойынын қалт жібермей қарап отырған көрермендер үздік шабуылшы мен қорғаушы кім, шебер қапқашы, нысанаға допты дәл тигізер мерген кім бәрін анықтап отырды. Ойыншыларға жанкүйерлердің айғайы мен ысқырығы да дем бергені анық. Ақырында 1-ші орынды 4-қабат, 2-ші орынды 6-шы қабат, ал 3-ші орынды 2-қабат ойыншылары иеленіп, арнайы диплом мен жүлде табыс етілді. Әрине, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегенмен, бұл жерде бәрінен бұрын ұжымдағы бірлік жеңді. Мұндай сайыстар мұнайшылардың ынтымақтастығын бекіте түсері анық.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх