Үздік мамандар анықталды

Үздік мамандар анықталды
29.07.2016
397
Қызметкерлер

Үздік мамандар анықталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ

11-15 шілде аралығында «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының  өндірістік құрылымдық бөлімшелері арасында жұмысшы мамандықтары бойынша «Үздік маман – 2016» кәсіби-шеберлік сайысы өтті. Аталған байқауға мұнай және газ өндіру, скважинаны жерасты жөндеу, қабат қысымын сақтау, скважиналарды зерттеу операторлары, сораптар станциясының машинисі, химиялық талдау зертханашысы, электрогазбен дәнеркерлеуші, арнайы техника жүргізушілері (ЦА-320 моторисі, ЦА-320 машинисі), автокөлік жүргізушілері мен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесары, автокран жүргізушісі жалпы саны 164 жұмыскер қатысты. 

Сайысқа қатысқан мамандардың теориялық білімділігі мен тәжірибелік шеберлігі сынға түсіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» мамандар анықталды.
Үздіктерге тоқталсақ, Жәнібек Балмұхамедов (№1 МГӨБ) «Үздік скважиналарды зерттеу операторы», Ринат Сайын, Мақсат Пасыров және Еркінбек Дәуленбаев (№1 МГӨБ) «Үздік скважиналарды зерттеу бригадасы», Кенжебай Қарақаев (№2 МГӨБ) «Үздік электродәнекерлеуші», Жанболат Дүйсалиев (№3 МГӨБ) «Үздік мұнай-газ өндіру операторы», Азамат Таласбаев (№3 МГӨБ) «Үздік қабат қысымын сақтау операторы», Бақыт Абдырова (№3 МГӨБ) «Үздік сораптар станциясының машинисі», Әлібек Қосжанов (№4 МГӨБ) «Үздік жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр-жөндеуші» атанды.
Сондай-ақ, «Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету» басқармасының қызметкері Венера Мавлавеева «Үздік мұнайды дайындау операторы» болып танылса, Рыскүл Өмірбекова «Үздік химиялық талдау лаборанты» болып танылды.

Жүргізушілер арасындағы сайыстан Сағидолла Құдайбергенов (№2 СҚКБ) «Үздік арнайы техника жүргізушісі» (ЦА- 320), Қаржаубай Лепесбаев (№3 СҚКБ) «Үздік автомобильді кран машинисі», Ертай Мәуленбаев (№5 СҚКБ) «Үздік автокөлік жүргізушісі» атағын иеленді. «Өзен энергомұнай» басқармасынан Ізбасар Қазиев «Үздік электр беру құрылғыларын жөндеуші», Бақтияр Нұрмұхамедов «Үздік кабельдік желілерді жөндеуші» және Бақыт Иманбердиев «Үздік жөндеу және қызмет көрсету бойынша электржөндеуші» болды. «Бұрғылау жұмыстары» басқармасынан Қонарбай Досбергенов «Үздік арнайы техника жүргізушісі» (ЦА-320), Мейірім Ахметұлы «Үздік басқару, өлшеу және автоматика ұстасы» және Байжан Дауылов «Үздік токарь» атанып, жеңімпаздар тобына қосылды.

Небір майталман мамандар қатысқан байқауда оқ бойы оза шапқан үздік мамандар «Өзің үшін де, компания үшін де еңбек етіп, тер төгу – заман талабы. Сонда ғана өзгенің алдында абыройлы боласың, мәртебең артады», – дейді.

Жеңістеріңіз құтты болсын, әріптестер!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх