Еңбекті қорғау – ерекше міндет!

Еңбекті қорғау – ерекше міндет!
29.07.2016
398
Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау – ерекше міндет!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында еңбекті қорғау саласы бойынша ҚМГ бастамалары мен корпоративтік бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіру мәселелеріне арналған жиналыс өтті. Жиында сөз сөйлеген  «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау – ӨМГ басты назарындағы өзекті мәселе екенін атап айтты. 

Өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтауда олқылықтар әлі де тыйылмай отыр. Компаниядағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Өтеген Ибрагимов ӨМГ бойынша биылғы жылғы өндірісте болған және соңы қайғылы жағдайға, яғни адам өліміне соқтырған жазатайым оқиғалар жөнінде тоқталып өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор В.Спинелли өз саласы бойынша баяндама жасап, еңбек қауіпсіздік саясатындағы ұйымдастырушылық факторлары бұрынғыдан да неғұрлым маңызды бола түскендігіне тоқталып өтті.

ҚМГ ЕжҚОҚД жетекші маманы Р.Саудабай «ҚМГ алтын ережелері» туралы мағлұмат берді. ҚМГ ЕжҚОҚД жетекші маманы Р.Абуталипов «Созылмалы дабыл» тақырыбында баяндама оқыды. Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тұщымды жауап алды.

Маңызды шараны ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор В.Спинелли қорытындылап, жиынның еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасауды, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге айтарлықтай үлесін қосатынына сенім білдірді. «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов сөз алып, жиынға қатысушыларға компания ұжымы атынан алғысын білдірді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх