Қазақ мұнайының ардақтылары

Қазақ мұнайының ардақтылары
18.02.2016
517
Қызметкерлер

Қазақ мұнайының ардақтылары

Н.Марабаев атындағы «Мұнайшы» Қоғамдық қорының «Қазақ мұнайының ардақтылары» атты өмірбаян сериясының кезекті кітабы саналы ғұмырын Өзен өндірісінің, геология саласының дамуына арнаған еңбек ардагері Аманжан Өтесіновке арналды. Қор «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-ның демеушілік көмегімен 2006 жылдан бері майталман мұнайшы ардагерлер туралы бірнеше кітапты жарыққа шығарды. 

Байырғы геолог, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының кен барлау ісінің үздігі, көптеген марапаттардың иегері Аманжан Нұрғалиұлы Өтесіновтің өмір жолына арналған кітап екі бөлімнен тұрады. «Туған жерге тартқан ұлы» атты бірінші бөлімінде ардагер мұнайшының ата-анасы, отбасы, өмірбаяны, Өзен өндірісін дамыту кезеңдері, мұнайлы түбектің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбегі, екінші бөлігінде естеліктер мен жылы лебіздер қамтылған. Кітаптан Өзен, Жетібай кеніштерінің кешегі күндерінен және мұнай саласының майталман мамандары туралы да көп мағлұмат алуға болады. Бұрғышы, геолог мамандығымен қоса, ірі мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ және партия ұйымдарына жетекшілік еткен ардагер мұнайшының өмір жолы кейінгі жас буын үшін зор үлгі. «Мұнайшы» қоғамдық қорының «Қазақ мұнайының ардақтылары» өмір сериясы осылайша тағы бір мазмұнды кітаппен толықты. Ардагер аға буынның ғибратты ғұмыры – жастар үшін өнегеге толы өмір мектебі! Бүгінгі өндіріс – жаңа технологиялармен тыныстайды. Бұл – кешегі күні аға мұнайшылар қажыр-қайрат, ерік-жігер, табанды еңбектерімен салып кеткен сара жолдың жалғасы.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх