2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттар

2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттар
18.02.2016
398
Әлеумет

2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттар

«Қазгермұнай» БК» ЖШС 

Қаңтардың 28-і күні Ақшабұлақ кен орнында «Қазгермұнай» БК» ЖШС және еңбек ұжымы арасында 2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. Маңызды құжатқа қол қою рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Искаков пен Еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев және компания басшылары қатысты. 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС осы маңызды құжатты дайындау барысында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ тиісті мамандарымен, кәсіподақ өкілдерімен қызу талқылау жұмыстарын жүргізді. Құжаттың барлық шарттарын Қатысушылардың кадрлық және қаржылық қызметтерімен және басшылықтарымен қарау және келісу нәтижесінде еңбек қорғау және төлемақыны нормалаудың, қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың барлық түрлері мен көлемдерін сақтай отырып ұжымдық шартты жасауға келісім алынды. Ұжымдық шартқа кәсіпорын басшылығымен кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынхан Искакова қол қойды.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх