2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттар

2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттар
18.02.2016
354
Әлеумет

2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттар

«Қаражанбасмұнай» АҚ

2015 жылдың 29 желтоқсаны күні «Қаражанбасмұнай» АҚ-ында 2016-2018 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. Қол қою салтанатына «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылары, орталық аппараттың жауапты қызметкерлері, компанияның Кәсіподақ ұйымының төрағасы, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Ұжымдық шартқа Жұмыс берушінің атынан – Компания президенті Дәулетжан Хасанов және қызметкерлердің тапсыруымен еңбек ұжымының атынан – Кәсіподақ ұйымының төрағасы Төремұрат Көбен қол қойды. 

«Біздің компания үшін бүгін айрықша күн, барлығымыз үшін маңызды жаңа ұжымдық шартқа жаңа кезеңге қол қойып отырмыз. Компания басшылығы және кәсіподақ арасында қалыптасқан өзара сенім мен сыйластық қатынастар ескеріле отырып, ұжымдық шартты бекіту бойынша келіссөздер қысқа мерзімде жүргізілді», – деп атап өтті өз сөзінде Кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Көбен.

– Ауқымды және күрделі жұмыстар жүргізілді. «Қаражанбасмұнай» АҚ өңірдегі әлеуметтік-жауапкершілікті ірі кәсіпорындардың бірі ретінде қызметкерлеріне қолдау көрсетеді. Ұжымдық шартқа қол қоя отырып, біз дағдарысқа қарамастан, қолданыстағы барлық әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдемелерді сақтап қалдық, – деп атап айтты ҚБМ президенті Дәулетжан Хасанов.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх