Мұнайшылар отбасыларының спорт сайысы өтті

Мұнайшылар отбасыларының спорт сайысы өтті
15.07.2016
187
Әлеумет

Мұнайшылар отбасыларының спорт сайысы өтті

Жақында «Қазгермұнай»БК» ЖШС бас ғимаратында орналасқан спорт алаңында компания қызметкерлерінің арасында отбасылық «Әкем, шешем және мен» атты спорт сайысы өтті. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдыққа шақыру. 

Спорттық сайысқа бес команда қатысып, өздерінің командаларын жеке-жеке таныстырды. Алжановтар, Ахаевтар, Байкенжеевтер, Ибраевтар және Төребаевтар отбасылары өзара бақ сынасты. Олардың арасында кім жылдам, допты шеңберге лақтыру, жіптен секіру, дәлдікке тигізу, эстафеталық сайыс ойындары ойнатылып, бәрінің көңілінен шықты. Әділқазылар алқасы сайысты бағалап, ұпай сандарын жазып отырды. 
Сонымен, бірінші орынды Байкенжеевтер, екінші орынды Ахаевтар, үшінші орынды Төребаевтар отбасылары иеленіп, төртінші орынды Ибраевтар отбасы мен Алжановтар отбасы өзара бөлісті. Қатысушылардың бірі – Айзада Келімбетова, 1 санаттағы гидрогеолог:  – Биыл біз отбасылық сайыста 1 орынды иелендік. Өте қуаныштымыз, ата-аналар мен балалардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қуаныш. Компания басшылықтарына айтар алғысым шексіз, – деген ойымен бөлісті. 
Компания басшысы Медет Сәпиұлының айтуынша, мұндай сайыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Сондай-ақ, ол ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдіріп, алдағы күндерге сәттілік тіледі. Сайыс соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
 

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх