Арнайы киім сапасы жақсарады

Арнайы киім сапасы жақсарады
15.07.2016
1048
Өндіріс

Арнайы киім сапасы жақсарады

«Өзенмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымы қызметкерлерінің арнайы киімдерінің өзгеруі туралы бас директор Д.Хасановтың қатысуымен өткен жиында сөз болды.

Қазіргі таңда компания еңбек ұжымының киіп жүрген арнайы киімі «Флейм Форт» материалынан тігілген болатын. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мамандарының айтуынша, «Флейм Форт» материалы ауа өткізгіштік қасиетке ие. Сонымен қатар, аталмыш материал отқа төзімді, мұнай, суды бірден өткізбейді. 

Алайда, кейбір қызметкерлер тарапынан арнайы киімнің жазғы уақыттағы ауа өткізгіштік сапасына көңіл толмаушылық орын алғандығы анықталған болатын. Нәтижесінде, қызметкерлерге арналған арнайы киім енді жоғарғы сапалы «Фралл» мақта матасынан тігілетін болады. Түсі әдеттегідей ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары арасында бекітілген корпоративтік түстерге сәйкес қою күрең қызыл және қою көк болады деп жоспарлануда. Бүгінде «Фралл» материалынан тігілген жаздық арнайы киім өндірісте сынақтан өткізілген соң, мұнайшылар игілігіне берілетін болады.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх