Спорттың сегіз түрінен сайысты

Спорттың сегіз түрінен сайысты
16.06.2016
308
Қызметкерлер

Спорттың сегіз түрінен сайысты

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Салтанат Балғымбаев кен орнындағы «Демалыс орталығы» мен Аққыстау селосындағы денешынықтыру-спорт кешенінің ойын залдарында басқарма кәсіподағының демеушілік етуімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорттың 8 түрінен, яғни:  шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, үстел теннисі, стритбол, бильярд және арқан тартудан біріншілік өтіп, оған 200-ден аса мұнайшы-спортшылар қатысты.

Спорттың жекелей түрлері бойынша үстел теннисінен әйелдер арасында жүлделі 1-3 орындарды Т.Сабирова (№ 2 Қамысты мұнай-газ өндіру цехының операторы), А.Мұхамбетжанова (мұнайды дайындау және айдау цехы басқару пультінің операторы), Ж.Хасанова (жылу, сумен қамту учаскесінің операторы), ерлер арасында 1-3 орындарды Т.Аманбаев (коммуналдық шаруашылық учаскесінің шебері), М.Алимбеков (№ 4 мұнай-газ өндіру цехының операторы), М.Кадимов (газ дайындау учаскесінің операторы) жеңіп алды. Тоғызқұмалақтан ерлер арасында  жүлделі орынды МГӨБ өндірістік-техникалық бөлім инженері Сырым Мұратов, ал, әйелдер арасында мұнайгаз өндіру операторы Алмагүл Мұхамбетжанова иеленді. Волейболдан бәрінен озық ойын көрсетіп, үздік шыққан № 3 Жаңаталап мұнай-газ өндіру цехы командасы болды. Шахмат сайысына келсек, мұнай дайындау және айдау цехының лаборатория меңгерушісі А.Усалиева мен Е.Мадиев қарсыластарының бәрін жеңді. Ең тартысты, қызықты өткені арқан тарту еді. Бұл сайыста бас жүлдені дүбірлі додаларда қарсыластарына дес бермей жүрген ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының командасы жеңіп алды. Шағын футбол, стритбол, бильярд ойындары да өз дәрежесінде өтті. Ал жалпы командалық есепте бас жүлдені басқарма аппараты командасы жеңіп алды (команда капитаны еңбек қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Ж.Құлғалиев). 2-3 орындарды № 2 мұнай-газ өндіру цехы (цех бастығы Ж.Беркалиев) мен № 3 Жаңаталап мұнай-газ өндіру цехы (цех бастығы Ә.Қадралиев) командалары иеленді. Жарыс соңында жүлделі орын алған командалар мен жекелеген спортшыларға басқарма әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің дипломдарын, спорттық кубоктары және бағалы сыйлықтарды басқарма кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Қабделов мырза табыс етті.

Сәрсенбай Бегешев, Әлеуметтік қамту бөлімінің маманы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх